Еліміздегі шұғыл жағдайға байланысты анатомия кафедрасының оқытушылары да қашықтықтан оқыту форматына Zoom жүйесінде видеоконференция, сондай-ақ, WhatsApp аудио, бейне қоңырау – аралас әдістеріне көшкен. Кафедрада қашықтықтан оқыту сабақ кестесі бойынша, белгіленген уакытта жүргізіледі. Сабақты жүргізу және үзіліс регламенті сақталады. Студенттер сабақтан тыс уақытта да, жеке оқытушымен байланысып, сабаққа дайындалу кезінде қиындық туғызған немесе өткен материалдар бойынша сұрақтарын қойып, оған толық жауап алып отырады.
Өткен аптада оқытушы Д.М. Токанова «Жалпы медицина» мамандығында оқитын екінші курс 2521, 2625 тобында эндокринді жүйе, ас қорыту модулі бойынша WhatsApp жүйесіндегі топтық чатта KEYS талқылады. Кафедра меңгерушісі к.м.н. доцент С.К. Кожанова осы чатқа қосылып, мониторинг жүргізді. Сабақ соңында нәтижесі талқыланып, ұсыныстар жасалынды.
Сондай-ақ, бірінші курстың 1333 тобында «Жазықтар мен біліктер, тұлға сүйектері мен олардың қосылыстары, арқа бұлшықеттері, қанмен қамтамасыз ететін артериялар» тақырыбы бойынша аралас әдістерді қолдану арқылы сабақ жүргізілді, топтық WhatsApp чатта аудио, бейне қоңыраулармен, әр түрлі схемалар мен суреттерді препарат орнына пайдалана отырып оқытушы тақырыпты толық түсіндірді. Әрі қарай студенттердің дайындықтарын бақылау мақсатында әр студентке сұрақтар мен тапсырмалар беріліп, талқыланды. Талқылау барысында оқытушы бағыт бағдар бере отырып, қателерін түзеп, толықтырып отырды. Сабақ соңында тест тапсырмасы беріліп, қатемен жұмыс және кері байланыс жүргізіліп, студенттердің сұрақтарына, түсінбеген жерлеріне оқытушы мұқият тоқталып өтті.