Науқастарға мейірімділік пен бірге шұғыл әрі сапалы көмек көрсету менің басты парызым!

Науқастарға мейірімділік пен бірге шұғыл әрі сапалы көмек көрсету менің басты парызым!

Нұрахметова Меруерт Нұрболатовна – Семей медицина университетінің госпиталі балалар қабылдау бөлімінің мейірбикесі. Еңбек өтілі – 10 жылдан астам. 2018 жылы жоғарғы медицина училищесіне бакалавриат бөліміне түсіп, 2020 жылдың ақпан айында бакалавр дипломының иегері, 2020 жылдың .наурыз айында жоғарғы санатты жетістіктерге қол жеткізді. Бүгінгі күнде қабылдау бөліміне келіп түскен науқастарға мейірімділік пен бірге шұғыл әрі сапалы көмек көрсету басты парызы деп санайды.

Меруерт Нұрахметова өз жұмысын келесідей сипаттайды:

Менің жұмыс уақытымдағы күнтізбемде таңертеңгісін 07:45 кезегімді қабылдап, 5 минуттық жиналысқа қатысып, өзімізге керек ақпаратты тыңдап болған соң жұмысымыз басталады. Қабылдау бөліміне келетін науқастардың басым бөлігі: Қант диабеті оның ішінде қанттың мөлшерден тыс түсіп кетуі, жоғарылауы, бас-ми жарақаты, сынықтар, оның ішінде әр түрлі травмалар  (күйіктер, үсіктер, жол апатындағы ауыр жағдайдағы травмалар), тырыспа аурулары, тіркеуде тұратын сал ауруы, буын ауруы, құлақ-мұрын аурулары, әр түрлі уланулар (дәрілік, химиялық т.б.) және жоспарлы жолдамамен келетін көптеген науқастармен алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсетіп, жұмыс жасаймыз.

Жас ерекшеліктеріне қарай, диагноздарының ауыр-жеңілдігіне қарап сұрыптап, тез әрі сапалы этика-деонтологияны сақтай отырып, келген науқас балалардың ата-анасымен, дәрігерлермен сыпайы жұмыс жүргізу мейірбикелік таптырмас қызметім. Бөлімшеде 0-18 жасқа дейінгі науқас балаларды қабылдаймыз.

Науқастардың шағымына қарай дәрігердің тағайындауымен тексерулерден өткізіп, яғни қан, зәр анализін, ішкі құрылыстарды тексеру аймағынан өткізу, асқазанын тазартып шайу, тік ішектен тазалау, клизмасын жасау, антропометриялық өлшемдерін жасау, дене қызуын, қан қысымын өлшеу, оттегі беру, аспа укол қою, түрлі аллергияға қарсы емдерін беру, күн сайын және аптасына бір рет болатын ем қабылдау бөлмесіне арнайы тазалық жүргізу, кварц қою, дәрі-дәрмек қабылдау, журналдарды толтыру, психотропты және наркотикалық дәрілермен дұрыс әрі заңдылықтарға сай жұмыстардың уақытымен жүргізілуінің барлығы мейірбикенің міндеті.

Биылғы жылы COVID-19 вирусының шығуы барлығымызды біраз алаңдатты. Өзімнің ең керекті ақ халатты абзал жан екенімді тағы бір дәлелдеп, осы кезде жаппай жұмыс істедік. Эпидемиолог дәрігермен бірлесіп, науқастардан ПЦР және экспресс-тест сараптамасын жасадық.

Семей медицина университет госпиталінің балалар бөлімінде педиатриялық, неврологиялық, хирургиялық, травматологиялық, ЛОР және жансақтау бөлімшелері жұмыс жасайды. Жоғарыда айтылған әр түрлі шағымдармен келген науқастарды бөлімшелерге жатқызылады, тексеріліп шағымы бойынша диагнозына қарай басқа ауруханаларға жіберіледі. Науқастың өміріне қауіп болмаған, жақсарған жағдайда амбулаторлы бақылауға жіберіледі.

Кесте бойынша білімімді жетілдіріп, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, басшылықтың қолдауымен бөлімшеде кәсіподақ жұмысымен де уақыт тауып айналысып, көңілді шараларға ат салысып, өлең оқып, ән айтып,  жұмысымызды қиыншылығына қарамай, тез тіл табысып кететін қасиетке де иемін.

«Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе – оның басқа адамдармен қарым-қатынасы» деп А. Линкольн айтпақшы әрбір есі кіріп, етек жапқан адам белгілі бір қоғамның мүшесі болып табылады, ол қандай болмасын сүйікті бір ісімен айналысады, түрлі адамдармен қарым-қатынаста болады. Жеке адамның өзіндік ерекшелігін бағалау, нені қалайтындығын білу, көңіл-күйін қадағалау әрі науқасқа ерекше көңіл аудару — ол әр медицина қызметкерінің міндеті болып табылу керек. Науқас адамдармен жұмыс жасау – қиын әрі үлкен жауапкершілікті талап ететін қызмет. Сондықтан ақ халатты абзал жандарымызға бақыт, еңбекте табыс, төзімділік пен күш қайрат және отбасыларына береке тілейміз![vc_row dt_title=”” mode=”grid” responsiveness=”browser_width_based” bwb_columns=”desktop:3|h_tablet:2|v_tablet:2|phone:1″ pwb_column_min_width=”” pwb_columns=”” gap_between_posts=”5px” loading_effect=”fade_in” image_sizing=”resize” resized_image_dimensions=”3×2″ image_border_radius=”0px” image_decoration=”none” shadow_h_length=”0px” shadow_v_length=”4px” shadow_blur_radius=”12px” shadow_spread=”3px” shadow_color=”rgba(0,0,0,0.25)” image_scale_animation_on_hover=”slow_scale” image_hover_bg_color=”default” custom_rollover_bg_color=”rgba(0,0,0,0.5)” custom_rollover_bg_gradient=”45deg|rgba(12,239,154,0.8) 0%|rgba(0,108,220,0.8) 50%|rgba(184,38,220,0.8) 100%” hover_animation=”fade” show_zoom=”y” gallery_image_zoom_icon=”icomoon-the7-font-the7-zoom-06″ project_icon_size=”32px” project_icon_color=”#ffffff” project_icon_bg_size=”44px” project_icon_bg=”n” project_icon_bg_color=”rgba(255,255,255,0.3)” project_icon_border_radius=”100px” project_icon_border_width=”0px” project_icon_border_color=”” loading_mode=”disabled” jsp_posts_per_page=”” jsp_show_all_pages=”n” jsp_gap_before_pagination=”” jsm_posts_per_page=”” jsm_gap_before_pagination=”” jsl_posts_per_page=”” navigation_font_color=”” navigation_accent_color=”” include=”” dt_project_icon_title=”” css_dt_gallery=””][vc_column]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды: