Ревматология және жұқпалы емес аурулар кафедрасында қашықтан оқыту

Ревматология және жұқпалы емес аурулар кафедрасында қашықтан оқыту

Семей медицина университетінің ревматология және жұқпалы емес аурулар кафедрасында интернатура бойынша білім алушылар да қашықтан  оқып, білім алуда.

2020 жылғы 12 мамыр күні Өскемен қ. филиалы базасында ассистент Ан Ирина Константиновна «Терапия» мамандығы бойынша 706 топ интерндеріне «Сүйек – буын жүйесінің патологиясының клиникалық көріністері бар науқастарды зерттеу. Клинико-лабораторлы диагностика» тақырыбы бойынша сабақ өткізді.

Қашықтықтан оқыту барысында WhatsApp чаты ұйымдастырылып, онда білім алушыларды белгілеу, тақырыптар бойынша білім алушылар жазған конспект жазбалары жіберіледі. Сонымен қатар, білім алушылар ZOOM платформасында өтетін видеосессияға шақырылады, мұнда тақырып бойынша дискуссия, ситуациялық жағдайларды талдау жүргізіліп, көптеген сұрақтар қойылып, оларға жауап алынады. ZOOM платформасы арқылы білім алушылардың дискуссия барысында белсенділігі анықталады.

Сабақтың тәжірибелік бөлігін меңгеру үшін білім алушыларға CBL  түріндегі клиникалық есептер беріледі, соның көмегімен білім алушылар ревматологиялық науқастардан анамнез жинау дағдыларын, диагноз қою критерийлерін, зертханалық және аспаптық зерттеу нәтижелерін талдау, буын синдромының салыстырмалы диагностикасын жүргізу, науқасты ары қарай жүргізу бойынша дағдыларын айқын меңгереді. Қашықтан оқыту кезінде бұның маңызы зор, себебі білім алушының клиникалық ойлау қабілетін жетілдіреді. Сабақ соңында ассистент И.К. Ан білім алушылармен кері байланыс орнатып, әрқайсысына жеке мінездеме берді. Сабақ барысында белсенділік таныта білген білім алушылар ерекше атап өтілді.

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқу процесі