«Абай әндері» байқауының жеңімпаздары анықталды

«Абай әндері» байқауының жеңімпаздары анықталды

11-22 мамыр күндері аралығында Абайдың 175 жылдығына орай «Қыз Жібек» қыздар ұйымы мен «Абайтану» ұйымының ұйымдастыруымен студенттер арасында «Абай әндері» байқауы өтті. Қатысушылар Абайдың әнін жанды дауыспен орындап бейнеге түсіріп, университеттің инстаграм желісіне жолдады. Онлайн  байқау университеттің  инстаграм парақшасында лүпіл жинау арқылы анықталды.

23 мамыр күні байқау жеңімпаздары анықталды:

1-орын Меңжан Ерланұлы «Көзімнің қарасы» әнін орындады (532 лүпіл )

2-орын Елназ Бақытбекова «Айттым сәлем, Қаламқас» және «Көзімнің қарасы» әнін орындады (386 лүпіл)

3-орын Аяжан Мейрханова «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындады (365 лүпіл)

Қатысушылар университеттің кәсіподақ ұйымының атынан бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар