31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

2020 жылдың 28-ші мамыр күні Семей медицина университеті «Жалпы медицина» мамандығының 1 курс 1210 тобының студенттерінің қатысуымен 31 мамыр қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай жазықсыз жапа шегіп, еліміздің егемендігі жолында жанын құрбан еткен азаматтардың рухына тағзым ету мақсатында «Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу» атты тақырыпта қашықтан оқу түрінде кураторлық сағат өтті.

Елбасымыз 1997 жылы 31 мамырды «Ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні» деп белгілеп, жарлыққа қол қойған болатын. Кураторлық сағат студенттерді жазықсыз жандарды өлімге байлаған сол зұлматты жылдардың ауыртпалығымен, ұлтымызға жасалған үлкен соққымен, тарихымыздың ақтаңдақтарымен және де тәуелсіздік жолында құрбан болған тұлғалардың еңбектерімен таныстыру мақсатында өтті. Осы орайда, 1210 тобының студенттері құрбан болған тұлғалар туралы көптеген мәліметтермен таныстырылды. Мәліметтермен танысқаннан кейін, әрбір студент өз пікірлерін ортаға салып, сұрақтарға жауап берді.

Қорытындылай келе, біз бұл күнді қаралы дата деп атап өтіп, оңай айта салғанымызбен, оның түбінде үлкен қайғы-қасірет жатқаны баршамызға мәлім. Әрбір қазақтың баласы осы қайғы-қасіретті ұмытпауы керек. Бұл кураторлық сағат арқылы, студенттер өткен тарихты еске түсіріп, 31 мамыр тек қайғылы күн ғана емес, біздің ендігі жерде  борышымыз — осы қаңқұйлы жылдардың оқиғасы, оның жазықсыз құрбаны болған азаматтардың есімдерін ұмытпау, оларды мәңгі есте сақтау.

 

 Жансая Серікболова ЖМ 1210 топ студенті

ЖББП кафедрасының аға оқытушысы Т.А. Мұздыбаева

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар