Факультеттік терапия кафедрасында 3 курстың студенттері «Зәр шығару жүйесі» модулінің нефрология бөлімін қашақтықтан білім беру технологиясын қолдану арқылы өтуде. Қашықтықтан оқыту бекітілген оқу бағдарламасына, жұмыс оқу жоспарына, KEYPSте оқу үрдісінің кестесіне сәйкес жүргізіледі. Оқу үрдісін ұйымдастыру үшін оқытушылар мен студенттерге «Cochrane», «UpToDate» ақпараттық ресурстарға, электрондық платфомалар мен сабақ жүргізудің электрондық көздеріне (материалдар мен блюпринттер, видео – лекциялар KEYPSке жүктелген) рұқсат берілген. Топтың оқытушысы Whatsap жүктемесінде чат ашып, топтың барлық студенттерін, топтың кураторы мен монитор жүргізушіні қосады. Оқытушы сабақты «On-line» режимде өткізеді. Сабақты талдау үшін оқытушылар мен топтар ZOOM жүктемесі көмегімен скайп – сессиясын кеңінен қолданады, сол кезде оқытушы мен студенттер «тірідей жұмыс жасай алады»: оқытушылар студенттердің сұрақтарына, студенттер оқытушылардың сұрақтарына жауап береді, сабақтың тақырыбына байланысты талқылау, түсіндірмелер, дискуссия өткізіледі. Қажет болса, оқытушы мен топтар электрондық пошталарды да қолдана алады. Сабақ соңында кері баланыс беріліп, оқытушы қатысқан студенттерді KEYPSте белгілейді. Сонымен, әлемдегі қиын эпиджағдай кезінде СМУ АЕҚ да қашықтықтан оқыту үшін замануи IT технологияларын қолданады. Қашықтықтан оқыту – бүкіл әлемдегі адамдардың және Жершарының денсаулығын сақтауға арналған мәжбүрлік шара. Осындай қиын – қыстау кезде біздің әрқайсымыз үйде отырып, әлемге жайылған індеттің таралуын тоқтатуға ықпал жасаймыз: «Біз үйдеміз! Біз біргеміз!»
Факультеттік терапия кафедрасы

