Факультеттік терапия кафедрасында қашықтықтан оқыту

Факультеттік терапия кафедрасында қашықтықтан оқыту

Қашықтан оқыту 4 курсттарда пәннің кестесі мен тақырыптық жоспарына сәйкес өткізілуде. 4 курстарда сабақтардың құрылымы екі бөлімнен тұрады: теориялық және тәжірибелік. Сабақтың теориялық бөлігінде тақырып CBL әдісін қолдана отырып талданады. Тәжірибелік бөлімі коммуникативті, практикалық және клиникалық ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған. Сабақтың тәжірибелік бөлігі рөлдік ойындарды қолдану арқылы жүзеге асырылуды. Студенттер тақырыптық жоспардың нозологияларына сәйкес сценарийлерін дайындайды. Zoom платформасындағы бейнеконференция режимінде студенттер клиникалық жағдайды сомдайды. Студенттерді бағалау бақылау парағында жүзеге асырылып, қорытындысында рөлдік ойын талқыланып, кері байланыс жасалу арқылы баға қойылады. Рөлдік ойындарды, клиникалық жағдайларды қолдану студенттерді жиынтық емтиханға дайындаудың бір кезеңі болып табылады.

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқу процесі