Біз 2020 жылғы 20 мамыр күні «Жалпы медицина» мамандығының 3420-топ студенттері қашықтықтан оқу тәсілімен факультеттік терапия кафедрасында «Зәр-жыныс жүйесі паталогиясының» нефрология бөлімінің сабақтарын аяқтадық. Осы кафедраның оқытушысы Селгазина Майгул Бектуровнаның бізбен сабақ өткізгені қатты ұнады. Себебі, сабақта Zoom, WhatsApp жүйелері қолданылып, фотосуреттер, презентациялар, ситуациялық есептер талқыланды. Оқу барысында зәр-жыныс жүйесінің паталогиясы бар науқастардың шағымдары мен анамнездерін жинауды, объективті зерттеу әдістерін қолдануды, аурудың патогенезін ашып, симптомдар мен синдромдарды жинап, анализдер мен аспаптық зерттеу қорытындысына интерпретация жасап, диагноз қоюды үйрендік. Оқытушымыз әр сабақтың соңында кері байланыс өткізіп, түсінбеген сұрақтарымызға міндетті түрде жауап беріп отырды. Сабақтар өте қызықты өтті. Біз үшін ситуациялық есептерді талдаған клиникаға қызығушылығымызды ашып, болашақ мамандығымыз үшін жол ашқандай болды. Бірақ, қашықтықтан оқу арқылы оқып үйренсек те, аудиториялық сабақтарға жетпейді. Оқу бөлмелерінде отырып, жылу қарым-қатынаста жүздесіп өтетін сабақтарымызды сағындық!
3420-топ студенттері
Факультеттік терапия кафедрасы

