Қоғамдық денсаулық сақтау, стоматология, фармация және мейіргер ісі мектебінде 2019-2020 оқу жылының жазғы емтихан сессиясы еліміздегі эпидемиялық ахуалға сәйкес ZOOM платформасы арқылы қашықтан өтуде. Қашықтан білім беру жағдайында жазғы емтихан сессиясы емтихандарын өткізуге белгілі бір талаптар қойылады, мысалы, автоматты немесе синхронды проекторинг шарттарын орындау. Прокторинг жүйесінің негізгі міндеті – пайдаланушының веб-камерасына, микрофонына және жұмыс үстеліне кіру арқылы автоматты немесе жартылай автоматты режимде емтихан регламентінің сақталуын растайды, бұл нақты бақылаушы (проктор), емтихан алушы-оқытушы және емтихан тапсырушы студент. Суммативті емтихандар, әрбір циклдық және коридорлық пәндерге кафедра немесе пән директорлары дайындығы формат бойынша өткізілуде. Сессияның өту барысын қадағалау үшін арнайы емтиханның кестесі құрылып, сондай-ақ, арнайы құрылған кесте бойынша, Қоғамдық денсаулық сақтау, стоматология, фармация және мейіргер ісі мектебінің қызметкерлері, студенттік өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитет, ішкі аудит қызметі құрамынан құрылған комиссия мүшелері, емтиханның өту барысын арнайы жіберілкен сілтеме арқылы ZOOM платформасына кіру арқылы қадағалауда.

