«Biz birgemiz» қайырымдылық акциясы

«Biz birgemiz» қайырымдылық акциясы

Семей медицина университетінің «Жалпы медицина» мамандығының 1 курс (115, 118 топтар) және 2 курс (212 топ) студенттері ҚР ҰҒА академигі Т.К. Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының кураторларымен бірге аға оқытушы Г.Р. Ибраева, оқытушылар Н.Г. Разакова, А.К. Ажарова, лаборант М.М. Жусупова қайырымдылық акциясына қатысып, көп балалы Бекмуханбетовтер отбасына барды. Ерікті студенттер мен кафедра қызметкерлері «Biz birgemiz» қайырымдылық акциясы аясында 9 баланы тәрбиелеп отырған көп балалы ана Айжан Бекмұханбетоваға қажетті азық-түлік өнімдерін сатып алу арқылы әлеуметтік көмек көрсетті.

Көп балалы аналарға қолдау көрсету, қоғамда еріктілікті дамыту сияқты іс-шаралар жастарды белсенді болуға, қайырымдылық пен адамгершілікке тәрбиелейді. Көп балалы ана А. Бекмұханбетова Семей медицина университетінің студенттері мен ҚР ҰҒА академигі Т.К. Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының ұжымына сансыз алғысын білдірді. Жақыныңызға көрсеткен көмек әлемді мейірімді етеді!

Жарияланды: