Мемлекеттік рәміздер – біздің ұлттық мақтанышымыз

Мемлекеттік рәміздер – біздің ұлттық мақтанышымыз

Мемлекет рәміздері-оның егемендігі мен тәуелсіздігінің, халық пен билік бірлігінің айғағы. Олар мемлекеттілік, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға ұмтылу идеясын білдіреді. Көк ту, алтын күн және қыран қалықтап ұшқан силуэті бар елтаңба, оның ортасында шаңырақ бейнесі барлық қазақстандықтар үшін ортақ үйдің нышаны ретінде ҚР ұлттық рәміздері болып табылады. Сондай-ақ, патриоттық тәрбие мемлекеттік тілден басталады. Тіл арқылы Отан бейнелері, ұлттық тарих – жалпы мәдениет – жан бейнесі болады.

05.06.20 жылы 2509 тобы мен куратор Жорокпаева Мейрамгул Досанқызымен бірге “Zoom”платформасы арқылы «Мемлекеттік рәміздер – біздің ұлттық мақтанышымыз» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді. Топпен танысу дәрісі, соңында викторина болды. Іс-шараның мақсаты: Отанға деген сүйіспеншілікке негізделген ұлттық сана-сезімді қалыптастыру, оның мүдделеріне қызмет етуге ұмтылу және оны қорғауға дайын болу, ҚР ұлттық рәміздері бойынша білімдерін жаңарту. Соңында студенттік өмір туралы естелік ретінде қалатын бірлескен фото жасалды.

Жарияланды: