Біз «Жалпы медицина» мамандығының 1209 тобының студенттері және топ жетекшіміз ҚР ҰҒА академиясының академигі Т.Қ.Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының оқытушысы Ажарова Алуа Қуанышқызымен толықтай жиынға қатыстық. Қазіргі уақыттағы өзектің тақырып – COVID- 19 індеті жайлы көптеген мәліметтер білдік. Студенттер өзімізді мазалаған сұрақтарға жауап ала отырып, әрі індет уақытында Семей қалалық инфекциялық ауруханасында қызмет көрсеткен Смаилов Ербол Муслимовичтің өз ісіне деген құрметімен, құштарлығына тәнті болдық. Ол кісі індетпен күрес кезінде кездестірген тәжірбиесімен, болған жағдайдың ауырлығы жайлы бөлісе отырып, індеттің алдын алу шараларының маңызы жайында ойын жеткізді. Студенттердің қойған сұрақтарына ұтымды, әрі өте толық етіп жауап берді.
Біз 1 курс студенттері өте көп мәліметпен қатар өте ерекше әсер алдық. COVID -19 індетіне талдау жасау Оңтүстік Корея мемлекетінің жүйесімен жасалатыны жайлы, яғни молякулярлық диагностика автоматтандырылған ПЦР арқылы жасалатыны жайлы мәлімет білдік. Осындай әсерлі жиын өткізгені үшін жұқпалы аурулар және иммунология кафедрасының доценті Смаилов Ербол Муслимовичке, молекулярлық биология және медициналық генетика кафедрасына, гистология және жұқпалы аурулар мен иммунология кафедрасына алғысымызды айтамыз! Осындай жиындар студенттерге өте көп ақпарат береді, әрі осындай жиындарды жиі өткізген дұрыс деп ойлаймыз!
«Жалпы медицина» мамандығының 1 курс 1209 тобының студенті Асылханова Аяла Ерболқызы