Қашықтықтан емтихан қабылдау өтуде

Қашықтықтан емтихан қабылдау өтуде

Еліміздегі белең алған эпидемиологиялық жағдайға байланысты «Жалпы медицина» мамандығының студенттері мамыр айының 25 жұлдызынан бастап 2019-2020 оқу жылының жазғы сессиясын қашықтықтан  тапсыруда. Емтихан KEYPS автоматты басқару жүйесінде және ZOOM платформасы арқылы қашықтықтан өтуде. Қашықтан емтихан қабылдау жағдайында «Таза сессия» жобасы аясында онлайн-прокторингтік жүйесі қолданылуда. Суммативті емтиханда тест тапсыру барысында объективті бағалау мақсатында кафедра оқытушылары тарапынан сұрақтардың 80% нұсқалардың ішінен  бірнеше дұрыс жауапты  және 20% бір дұрыс жауаптан тұратын тест сұрақтары құрастырылды. 3-5 курс студенттері суммативті емтиханның екінші тәжірибелік бөлігін ZOOM платформасы арқылы тапсыруда. Емтихан тапсыруға кірген студент алдымен қатысушы өзі екенін растау үшін жеке куәлігін көрсетеді, экранда көрсетілген билет нөмірін таңдап, сол арқылы сұрақтарға жауап береді. Соңында жауап берушіге чек парақ арқылы алған бағалары таныстырылады.

Аталмыш мамандықтың 1 курс студенттері 8-9 маусым күндері аралығында ZOOM  платформасы арқылы комиссия мүшелерінің қатысуымен Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы пәнінен мемлекеттік емтихан тапсырды. Тапсырмас бұрын кесте бойынша емтихан алдындағы кеңес өтті. Кеңесте емтиханның өту ережесі мен тәртібімен таныстырылды. Емтихан қашықтықтан болғандықтан академиялық адалдықты сақтау мақсатында билеттер 5 нұсқада жасалды. Медицина мектебінің қызметкерлері, студенттік өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитет мүшелері бекітілген кесте бойынша емтиханның өту барысын арнайы жіберілген сілтеме арқылы ZOOM  платформасына кіру арқылы қадағалауда.

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқу процесі