Құрметті болашақ магистранттар!
Сонымен, магистратура дегеніміз не? Ол бакалавриаттан немен ерекшеленеді? «СМУ» КеАҚ магистратураға түсу тәртібі қандай? Магистр болу үшін қанша жыл оқу керек? Гранттар, соңғы жаңалықтар мен өзгерістер. Мамандықтар, магистратура бағдарламалары және байқау тестілеуі. «СМУ» КеАҚ магистратураға түсу кезінде қандай емтихандар тапсыру керек? Магистратураның әрбір мамандығы бойынша қандай бейіндік пәндерді тапсыру керек? Осы және басқа да маңызды сұрақтарға біздің мақалада жауап береміз.
Магистратура дегеніміз не және ол бакалавриаттан немен ерекшеленеді?
Магистратура тек ҚР ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлемде бакалавр дәрежесі бар студенттер үшін жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді білдіреді. Сәйкесінше, магистр дәрежесі магистратураның білім беру бағдарламаларын толық игергендерге беріледі.
Осы анықтамадан көрініп тұрғандай, магистратура – бұл екінші жоғары білім емес, бакалавриаттан кейінгі білім деңгейі, студент мамандық алу және біліктілікті арттыру жолында көтеріледі. Бұл бакалавриаттан негізгі айырмашылығы.
Магистратура кімге қажет?
Магистр дипломысыз мүмкін емес, егер Сіз:
- ЖОО-да ғылыми қызметпен немесе оқытумен айналысуға ниеттісіз;
- қызмет жасауды мансап және ірі компанияларда немесе басқару органдарында басқару қызметтерін алуды жоспарлап отырсаңыз.
Осылайша, магистр дәрежесі мансаптық өсу үшін неғұрлым кең мүмкіндіктер мен перспективалар ұсынады, сондай-ақ еңбек нарығындағы Сіздің бәсекеге қабілеттілігіңізді арттырады.
«Семей медицина университеті» КеАҚ магистратурасының бағыттары
Жоғары оқу орнында магистратурада оқу 2 бағыт бойынша жүзеге асырылады: ғылыми-педагогикалық және бейіндік.
Бейіндік магистратура тереңдетілген кәсіби дайындық береді. Оқыту қолданбалы сипатқа ие және қызметтің барлық салаларында басқару дағдыларын дамытуға бағытталған. Бейіндік магистратураның міндеті – кәсіби менеджерлер мен жетекшілерді дайындау.
Ғылыми және педагогикалық магистратура тереңдетілген ғылыми-педагогикалық дайындық береді және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесі үшін, сондай-ақ ғылыми сала үшін кадрлар дайындайды.
Ғылыми-педагогикалық магистратураның түлектері ЖОО-да сабақ бере алады.
«Семей медицина университеті» КеАҚ магистратура мамандықтары
Семей медициналық университетінде магистратураның білім беру бағдарламаларының бес тобы бойынша дайындық жүргізілуде. Толығырақ білім беру бағдарламаларының топтары бойынша төмендегі сілтемеге өту арқылы таныса аласыз: https://smu.edu.kz/postuplenie/magistratura
Магистратура бағдарламасына түсу шарттары
Магистратураға оқуға, бакалавриат бағдарламасы бойынша жоғары оқу орнын бітірген, Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және ҚР аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғалар түсе алады.
Магистратурада оқу тегін мемлекеттік білім беру тапсырысы (грант) бойынша және ақылы негізде жүзеге асырылады. Бір оқу жылының оқу құны 1 000 000 теңгені құрайды. ЖОО-да икемді төлем жүйесі жұмыс істейді.
Қазақстан Республикасы бойынша 2020-2021 оқу жылына магистрлер даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
| Дайындық бағыттарының коды мен жіктелуі | Білім беру бағдарламасы тобының нөмірі | Білім беру бағдарламалары топтарының атауы | Ғылыми-педагогикалық магистратура | Бейіндік магистратура |
| 7М10 Денсаулық сақтау | ||||
| 7M0101 Денсаулық сақтау | М139 | Денсаулық сақтаудағы менеджмент | 15 | 30 |
| M140 | Қоғамдық денсаулық сақтау | 50 | 30 | |
| M141 | Мейіргер ісі | 10 | ||
| M142 | Фармация | 20 | ||
| M143 | Биомедицина | 10 | ||
| M145 | Медициналық-профилактикалық іс | 10 | 150 | |
| Барлығы | 115 | 210 | ||
Дереккөз: «2020-2021 оқу жылына арналған білім беру бағдарламаларының топтары бөлінісінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № 210 бұйрығына 2-қосымша. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 19 мамырда № 20661 болып тіркелді.
Өтініштерді қабылдау мен емтихандардын мерзімі
- Кешенді тестілеуге өтініш қабылдау – 15 маусым мен 15 шілде аралығында
- КТ өткізу – 1-15 тамыз аралығында
- Грантқа өтініштер қабылдау мерзімі – 17-20 тамыз (білім беру бағдарламаларының бір тобын және 3 ЖОО таңдау)
- КТ сертификатының баллдары бойынша гранттарды тағайындау – 24 тамыздан бастап
- Қабылдау – 28 тамызға дейін.
Кешенді тестілеуге қатысу үшін түсуші Ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы www.testcenter.kz/ru/ немесе онлайн ЖОО-ның “СМУ” КеАҚ-қа оқуға түсу – “Семей медицина университеті” КеАҚ-тың сайты ресми сайтында алдын ала өтініш береді және мынадай құжаттарды қоса тапсырады:
- қосымшасы бар жоғары білім туралы құжат;
- жеке басын куәландыратын құжат;
- өлшемі 3×4 сантиметр екі сандық фотосурет;
- 086-У нысаны бойынша электрондық форматта медициналық анықтама;
- КТ қатысу үшін ақы төленгені туралы түбіртек;
- мүгедектікті белгілеу туралы құжат (бар болса).
Назар аударыңыз! Оқуға түсуші қабылдау комиссиясына жүгінген кезде салыстырып тексеру үшін көшірмелерімен бірге құжаттардың түпнұсқасын ұсыну қажет.
Шетелдік жоғары оқу орындарында білім туралы құжаттары бар тұлғалар құжаттарды тану және нострификациялау рәсімінен өтуі қажет.
Магистратураға түсу кезінде қандай емтихандар тапсырылады?
Кешенді тестілеу бірнеше оқу пәндері бойынша емтихан ұсынады:
- Шет тілінен Тест (таңдау бойынша – ағылшын, неміс немесе француз);*
- Оқуға дайындығын анықтауға арналған Тест;
- Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша Тест.
* жалпыеуропалық стандарттарға сәйкес (TOEFL, IELTS және т.б.) шет тілін білу туралы халықаралық сертификаты бар тұлғалар КТ-дағы шет тілі бойынша тестіден босатылады. КТ-да шет тілі бойынша тест үшін ең жоғары 50 балл есептеледі.
| Тест түрлері | Тапсырмалар
түрі |
Тапсыру тілі | Тест саны | Балл | Шекті балл |
| Шет тілі бойынша Тест | Тыңдалым
Лексика-грамматикалық тест Оқылым |
Ағылшын / Неміс / Француз | 50 | 50 | 25 |
| Оқуға дайындығын анықтауға арналған Тест | Сыни ойлау
Аналитикалық ойлау |
Қазақ / Орыс | 30 | 30 | 7 |
| Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша Тест | бір дұрыс жауапты таңдау | Қазақ / Орыс | 30 | 30 | 7 |
| бір немесе бірнеше дұрыс жауаптарды таңдау | Қазақ / Орыс | 20 | 40 | 7 | |
| Барлығы | 130 | 150 | 75/50 | ||
Кешенді тестілеуді ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығы өткізеді:
- грантқа шекті балл 150 баллдан 75 баллдан кем емес;
- ақылы оқуға 150 баллдан 50 баллдан кем емес.
Тестілеу нәтижелері өткізілген күні жарияланады. Оларды ақпараттық стендте немесе www.testcenter.kz сайтынан білуге болады.
Алған баллдары көрсетілген Сертификат оқуға түсушіге КТ өткізілген күннен бастап 3 күн ішінде беріледі. Тестілеуде ең жоғары балл жинаған үміткерлер грантқа ие бола алады және өздері таңдаған ЖОО-да оқи алады.
Кешенді тестілеуді тапсырған жылы қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
Халықаралық сертификаттары бар адамдар шет тілінен түсу емтиханынан босатылады:
ағылшын тілі:
- International English Language Tests System (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем (IELTS (АЙЛТС), шекті балл – кемінде 6.0;
- IELTS INDICATOR (АЙТЛС Индикатор), шекті балл – кемінде 6,0;
- Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг программ) (TOEFL ITP (ТОЙФЛ АйТиПи), шекті балл – кемінде 543;
- Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг програм) Internet-based Test (Интернет бейзид тест) (TOEFL IBT (ТОЙФЛ АЙБИТИ), шекті балл – кемінде 60;
- TOEFL PBT (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж пэйпер бэйсед тэстинг) Test of English as a Foreign Language Paper-based testing, шекті балл – кемінде 498;
- Duolingo English Test (Дуолинго Инглиш Тест), шекті балл – кемінде 95;
- CEFR (Common European Framework of Reference – СиИэФаР (Коммон Юуропиан Фреймуорк Ов Рефэрэнс), шекті балл – В2.
неміс тілі:
- Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (дойче щпрахпрюфун фюр дейн хохшулцуган) (DSH, NiveauC1/С1 деңгейі);
- TestDaF-Prufung (тестдаф-прюфун) (NiveauC1/С1 деңгейі).
француз тілі:
- Test de Franзais International™ -Тест де франсэ Интернасиональ (TFI (ТФИ) – оқу және тыңдалым секциялары бойынша B1 деңгейден төмен емес);
- Diplome d’Etudes en Langue franзaise – Диплом дэтюд ан Ланг франсэз (DELF (ДЭЛФ), B2 деңгейі);
- Diplome Approfondi de Langue franзaise – Диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз (DALF (ДАЛФ), C1 деңгейі);
- Test de connaissance du franзais – Тест де коннэссанс дю франсэ (TCF (ТСФ) – кемінде 50 балл).
Байқау сынағы
КТ – ға тиімді дайындалу үшін байқау тестілеуінен өтуге болады – мұндай онлайн-қызметті талапкерлерге Ұлттық тестілеу орталығы ұсынады. Магистратурадағы сынақ тесті өзінің дайындық деңгейін тексеруге мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен қатар тестілеуді өткізу форматымен танысуға мүмкіндік береді.
Байқау кешенді тестілеуден testcenter.kz сайтта өтуге болады.
Магистратураның әрбір мамандығы бойынша қандай бейіндік пәндерді тапсыру керек
| Білім беру бағдарламалары топтарының атауы | Бейіндік пәндер | |
| 1-ші бейіндік пән | 2-ші бейіндік пән | |
| M139 Денсаулық сақтау саласындағы менеджмент | Экономикалық теория негіздері | Менеджмент негіздері |
| M140 Қоғамдық денсаулық сақтау | Биостатистика | Қоғамдық денсаулық сақтау |
| M141 Мейіргер ісі | Мейіргер ісінің негіздері | Мейірбике ісіндегі менеджмент |
| M142 Фармация | Фармацияны басқару және экономика және дәрілер технологиясы | Фармацевтикалық химия және фармакогнозия |
| M143 Биомедицина | Биостатистика | Дәлелді медицина |
| M144 Медицина | Биостатистика | Дәлелді медицина |
| M145 Медициналық-профилактикалық іс | Гигиена және эпидемиология | Биостатистика |
«Семей медицина университеті» КеАҚ магистратура бағдарламалары бойынша оқуға түсу сұрақтары бойынша Call-center телефонына хабарласуға болады +7 775 675 16 50.
Біздің мекен-жайымыз: Абай облысы, Семей қаласы, Абай Құнанбаев көшесі, 103.
Қабылдау комиссиясы: 8 /7222/32-61-80, +7 778 008 57 56.

