«Жалпы медицина» мамандығының 5 курс студенттері маусым айының 12-нен бастап қорытынды мемлекеттік емтиханды қашықтықтан тапсыруда. Мемлекеттік емтихан KEYPS автоматты басқару жүйесінде және ZOOM платформасы арқылы өтуде. Қорытынды мемлекеттік емтихан 2 кезеңнен тұрады:
I кезең – прокторинг жүйесі қолданылатын тестілеу,
II кезең – ZOOM платформасы арқылы құрылымданған ауызша емтихан түрінде алынуда.
Қашықтан емтихан қабылдау жағдайында «Таза сессия» жобасы аясында онлайн-прокторингтік жүйесі қолданылды.
Емтихан тапсыруға кірген студент алдымен қатысушы өзі екенін растау үшін жеке куәлігін, отырған орынын, бөлмесін, өзінен басқа артық адамның, артық заттың жоқтығын көрсетеді. Артынша, студент экранда көрсетілген тапсырмамен танысып, сол бойынша сұрақтарға жауап береді. Емтихан соңында арнайы чек-парақтарға білім алушының тиісті бағалары қойылып, бағаланады.
Мемлекеттік емтиханды тапсыру кезінде, әрбір студентті емтихан қабылдаушыға қосқан уақыттан бастап аяғына дейін емтиханның видео-жазбасы жүргізілуде. Сонымен қатар, мемлекеттік емтиханның барлық кезеңдері МАК және Жемқорлыққа қарсы комитет мүшелерінің бақылауымен өтуде.
«Жалпы медицина» мамандығы 5 курс студенттерінің қорытынды мемлекеттік емтихан тапсыру барысы барлық талаптар мен ережелерге сай жүріп жатыр.
Медицина мектебі
[vc_row source=”media_library” image=”” img_size=”large” external_img_size=”” add_caption=”” alignment=”center” style=”” external_style=”” border_color=”grey” external_border_color=”grey” onclick=”link_image” img_link_target=”_self” image_hovers=”true” lazy_loading=”true” rel_no_follow=”” title=”” custom_src=”” caption=”” link=”” img_link_large=””][vc_column][vc_single_image image=”54386″ img_size=”large” alignment=”center” onclick=”link_image” lazy_loading=”true”][/vc_column][/vc_row]