18 маусым «Жалпы медицина» мамандығының шетел бөлімінің 5 курс студенттері қорытынды мемлекеттік емтиханды қашықтықтан тапсырды. Қашықтықтан оқытуға көшуге байланысты шетел бөлімінің студенттері де мемлекеттік емтиханды онлайн режимінде тапсырды. Студенттер емтиханның екінші кезеңін – ZOOM платформасында құрылымдық ауызша емтихан түрінде тапсырды.
Оқытушылар мемлекеттік емтихан өткізудің барлық талаптары мен ережелеріне сәйкес мемлекеттік емтихандарды қабылдады.
Мемлекеттік емтиханды тапсыру кезінде әрбір студент емтихан алушыға қосылған сәттен бастап бейне-жазба жүргізілді.
Студенттер мемлекеттік емтиханды жатақханада тапсырды, емтихан басында олар өз бөлмесінде басқа студенттер мен басқа да заттардың жоқтығын дәлелдеу үшін өз бөлмелерін көрсетті. Емтихан кезінде студенттердің білімі арнайы чек-парақша бойынша бағаланды.
Мемлекеттік емтиханның барлық кезеңдері мемлекеттік аттестация комиссия мүшелері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитет мүшелерінің бақылауымен өтті.
Қортындылай келсек, “Жалпы медицина” мамандығының шетел бөлімінің 5 курс студенттерінің қорытынды мемлекеттік емтихандары барлық талаптары мен ережелеріне сай өтті.
Медицина мектебі