👩🏻⚕️Өз есімімнің қасына «дәрігер» сөзін тіркеп ойын ойнаушы едім…
Мен, Бауыржанқызы Аяулым, Семей медицина университетінің «Жалпы медицина» мамандығы бойынша 2612-топ студенті және Көркемөнерпаздар клубының белсендісімін.
Өз есімімнің қасына «дәрігер» сөзін тіркеп ойын ойнаушы едім…
Дәрігер жолына әркім әрқилы жолды игере келеді. Бірі – Ата-анасының қалауы, бірі – өз қалауы, бірінің үлкен әулеті ақ халатты абзал жандардан болғандықтан осы салаға аяқ басады. Ал маған бұл үш нұсқа да түрткі бола білді.
Шынымен-ақ, дәрігер болу менің бала күнгі арманым болды. Себебі, менің 70-тен асқан әжем көп ауыратын еді, ол кісі ауырса менің де жүрегім қоса ауырып, емдегім келетін. Бар білетін дәрілерді беріп, аяқ-қолын уқалап ұйықтатып отырып, «көресіз мен өскенде дәрігер болып, сіздерді мүлде ауырмайтындай етіп емдеп берем» деп, сөйлеп жатып қоса ұйқыға кететінмін.
Өсе келе арманымды мақсатқа айналдырып, аса ауыр да қиын, қызықты «медицина» жолын жүрексінбей таңдадым. 11-сынып оқып жүргенімде ҰБТ-ға дайындалып жүріп Семейдегі медициналық университеттің суреттерін, жаңалықтарын желілерден байқап, қарап жүретінмін. Алла бұйыртып, ҰБТ-дан 122 балл жинап, ауыл квотасымен мақсатыма 1 қадам жақындадым. Өзім армандаған Университетімнің студенті атандым.
Бар қызық енді басталды. Алғаш келген күні, студент болып АКТ залыда ректордың қатысуымен болған жиналыста болдым. Менің таң қалғаным, менің білім алатын ордам Қазақстан медицина университеттерінің ішіндегі үздігі оған қоса Өскемен және Павлодар қалаларында филиалдары және бірнеше корпустары мен оқу-клиникалық орталықтары бар екен. Сол сәтте өзімнен асқан бақытты жан жоқтай сезіндім. Және Түркиядағы Башкент Медицина Университеті мен Ресейдегі Н.И.Пирогов атындағы Ұлттық ғылыми Медицина Университетімен одақтас. Бұл барлығымыз үшін үлкен мақтаныш.
Міне содан бері 2 жыл өтіпті. Әрине, көп емес, бірақ аз да емес. Түйгенім, кез-келген адам алдына келген қандай да болсын сынақтарды жеңе алады. Ол үшін ерік-жігер, айқын арман мен мақсат және ең бастысы жан қалауы қажет.
Құрметті, жас талапкер – SMU-ға кел! Сені армандарың күтуде!
________________________________________
Құрметті 2️⃣0️⃣2️⃣0️⃣ талапкері дұрыс таңдау жаса! Армандаған оқу орны – SMU таңда✅