👩🏻⚕️ Мен адамдарға тек сөзбен ғана емес, ізгі ниетпен әрекеттер жасау арқылы да көмектескім келеді
Мен Уюкбаева Дильназ Темирлановна, «Жалпы медицина» мамандығының 1 курс 1213 (119) топ студенті және университетіміздің волонтерлік корпусының бір мүшесі болып табыламын.
Мен өз мамандығымды таңдарда өзімнің жан-дүниеммен таңдадым, өз қалауыммен түстім. Себебі, бала кезімнен адамдарға көмектесіп, оларға жақсылық жасағым келетін. Дәрігер мамандығы барлық мамандықтардың ішінде маған ең жақыны. Арманым орындалып, университетке түскеннен кейін, университет өміріне қатысып, белгілі бір ұйымның мүшесі болғым келді. Волонтерлік корпустың бар екенін білген соң, мен осы ұйымда болу қажетпін деп шештім. Себебі, менің ойымша, дәрігер мамандығы мен волонтерліктің ұқсастықтары өте көп, мысалы екеуі де адамдарға көмек, қолдау сияқты іс-әрекеттермен байланысты. Мен адамдарға тек сөзбен ғана емес, ізгі ниетпен әрекеттер жасау арқылы да көмектескім келеді.
Әр адам біздің ортамызды осылайша жақсарта алады.
Қазір менің мақсатым, оқуымды жақсы оқып, волонтерлік ұйымына үлес қосу, ал болашақта осы алған біліміммен, волонтерлік ұйымнан бойыма сіңірген қасиеттерді пайдаланып, халқымызға пайдамды тигізгім келеді. Егер, әлемді өзгерткің келсе, өзіңнен баста деген сөздің мағынасы осы.
Әр медицина университетінің студенті волонтер болуы қажет деп ойлаймын.
________________________________________
Құрметті 2020 талапкері дұрыс таңдау жаса! Армандаған оқу орны – SMU таңда✅