«Ақ халатты абзал жан болып, адам өміріне араша түсуді бала кезден армандадым…»

«Ақ халатты абзал жан болып, адам өміріне араша түсуді бала кезден армандадым…»

Мен, Бекзат Талғатова, Семей медицина университетінің «Жалпы медицина» мамандығының 4420 топ студентімін.
Мен ақ халатты абзал жан болып, адам өміріне араша түсуді бала кезден армандадым. Бұл мамандықтың студенті болғанымды мақтан тұтамын, өзгелерге үлгі болғанымды қалаймын. Бұл кәсіпті иелену пысық, өзіне сенімді, шыншыл, тапқыр болуды қажет етеді.
Семей медицина университеті білім жағынан да, өнер жағынан да, алдыңғы орында. Естеріңізге сала кетсем, осы жылы сайысқа түсіп, «Ең жақсы медициналық университет» атанып, рейтинг бойынша бірінші орынға ие болды.
Осы мамандықтың студенті болып, екінші бір өмір есігін ашқандаймын. Әрине, қиын. Бірақ, «басы қатты болса, аяғы тәтті болатынына» сенемін. Ешнәрсе өмірде оңайлықпен келе салмайды. Сен өз денсаулығыңмен қатар өзгенің де денсаулығына жауаптысың.
Ақ халаттың өзі-ақ сенің ажарыңды аша түспек, бірінші күннен халат киіп, өзіңді бірден дірігер сезіну, үмітіңді, арман-мақсатыңды арттыра түспек!
Бұл мамандық сені өзгелерден сыйлы етпек, тіпті төр орнынан орын табатын да күнге жеткізер. Бастысы – адал еңбек, жауаптылық.
Мен осы мамандықты армандағаным сонша ақылы топта оқып, қайтадан тестілеу тапсырып грант иегері болдым. Себебі, жүрегімнің қалауы осы болды. Мен жүрегімді тыңдадым. Ол алдамайды. Егер де сенің жүрегің бұл мамандықты қаласа, кел, қосыл, бізбен бірге бол! Елімізде медицинаның дамуына бірге үлесімізді қосайық!
________________________________________
Құрметті 2020 талапкері дұрыс таңдау жаса! Армандаған оқу орны – SMU таңда!
Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар