Құрметті талапкерлер!
Ағымдағы жылдың 17-20 тамыз аралығында өткізілетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) өтініш қабылдау 25 шілдесінен басталғанын еске саламыз.
Өтініш қабылдау ағымдағы жылдың 1 тамызына дейін жалғасады!
Тамыз айындағы ҰБТ-ға қалай өтініш беруге болады?
ҰБТ-ға өтінішті келесі сілтеме арқылы беруге болады .
2 түрлі категориядағы тұлғалар үшін батырмалар қарастырылған:
1 батырма – Наурыз айындағы ҰБТ-ға өтініш берген тұлғалар үшін (тегін).
Логинге – ЖСН нөмірін, парольге – маусым айындағы ТЖК нөмірін енгізіңіз. Сілтеме бойынша тестілеу тапсыратын қаласы мен тілін көрсетіңіз.
Digital ID жүйесінде тіркеуден өткен түсушілер жеке кабинетіндегі сілтеме бойынша тестілеу тапсыратын қаласы мен тілін көрсетіп, өтінішін жаңарта алады.
Ескерту: егер Сіз наурыз айындағы ҰБТ-ға қатысуға өтініш берсеңіз, бірақ маусым-шілде айындағы тестілеуге тіркелмеген болсаңыз, онда логинге де, парольге де – ЖСН нөмірін енгізіңіз.
2 батырма – ҰБТ-ға өтініш беру (наурыз айында өтініш бергендерді қоспағанда) (ақылы).
1) Тіркелуден және авторизацияланудан өтіңіз:
– электрондық поштаны көрсетіңіз, сол поштаға логин мен пароль жіберіледі;
– сайтқа логин мен парольді енгізе отырып авторизациядан өтіңіз.
2) Одан кейінгі әрекеттер сайттағы нұсқаулықта көрсетілген (жүйеде жүктелген).
3) Аталған интерфейсте өзіңіздің жеке мәліметтерін енгізгеннен кейін екі түрлі әдіспен: банк карточкасы немесе Kaspi.kz қосымшасы арқылы тестілеуге ақы (міндетті төлем батырмасы бар) төлеуіңіз тиіс. Тестілеу бағасы – 2242 теңге.
4) Алдын ала өтініш беру рәсімі бойынша құрылған «Мәлімдеме номерін» ҰБТ тапсыру үшін құжат тапсыратын, жүйеде өзіңіз көрсеткен ЖОО-ның қабылдау комиссиясына хабарлаңыз.
041 «Семей медицина университеті» КеАҚ тамыз айына арналған өтініштерді қабылдау жөніндегі қабылдау комиссиясының телефоны – 8 707 572 81 50.
Email: admission@smu.edu.kz