Абай облысының жергілікті атқарушы органдарының гранттар конкурсы

Абай облысының жергілікті атқарушы органдарының гранттар конкурсы

Мемлекеттік білім грантына конкурс бойынша өтпеген ҚҰРМЕТТІ ТАЛАПКЕРЛЕР, Сізде Абай облысының жергілікті атқарушы органдарының (ЖАО) гранттар конкурсына қатысуға мүмкіндік туды.

2020-2021 оқу жылына ШҚО талапкерлеріне 48 грант бөлінді, оның ішінде білім беру бағдарламасы бойынша:

В085 «Фармация» – 15;

В086 «Жалпы медицина» – 28;

В087 «Стоматология» – 5.

ЖАО гранттарына құжаттарды қабылдауды ағымдағы жылғы 10 тамызынан  ZOOM платформасы арқылы «Семей медицина университеті» КеАҚ-ның Виртуалды қабылдау комиссиясы жүзеге асырады.

Техникалық хатшы Амешова Гульжан Турсынбаевна
ZOOM конференциясына қосылу сілтемесі. Жұмыс уақыты: 09:00-18:00
https://us04web.zoom.us/j/79547387023?pwd=L3dVYnNsNU10RnhZdVVMM3JnRlF2Zz09
Конференция идентификаторы: 795 4738 7023
Құпия сөз: 12345678

ЖАО білім беру гранттары өңірдің кадрларға қажеттілігі есебімен білім беру бағдарламаларының топтары бойынша оқуға түсушілер өтініш білдірген білім беру бағдарламалары топтарының кезектілігіне сай білім беру гранттарын беру туралы куәлік берумен қоса маусымдағы ҰБТ нәтижелеріне сәйкес беріледі (кемінде 65 балл, оның ішінде әрбір пән бойынша кемінде 5 балл).

Құжаттар тізімі:

– өтініш (қабылдау комиссиясында беріледі);

– аттестат немесе қосымшасы бар диплом (түрлі-түсті сканерлеу),

– ҰБТ нәтижелері (маусым) (электрондық формат),

– психометриялық емтихан тапсырғаны туралы ведомостан үзінді;

– 086-У нысаны бойынша медициналық анықтама (+флюорограмма суреті);

– №63 нысан (егу картасы көшірмесі);

– өлшемі 3х4 см сандық фото;

– жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Назар аударыңыз! ҚР «Білім туралы» Заңының 47-бабының 17-тармағына сәйкес, оқу мерзімі аяқталғаннан кейін Абай облысы шегінде жергілікті атқарушы органның жіберілген жері бойынша міндетті үш жылдық жұмыс өтеу жүктеледі.

 

Телефон: 8 (7222) 32-61-80, 8 778 008 57 56.

admission@smu.edu.kz

071400 Абай облысы, Семей қаласы, Абай Кұнанбаев көшесі, 103

Жарияланды: