«Резиденттер өз істерінің шеберлері, кәсіби білікті мамандар ретінде өздерін көрсетті…»

«Резиденттер өз істерінің шеберлері, кәсіби білікті мамандар ретінде өздерін көрсетті…»

Өскемен қаласының тұрғыны Абдельданова Раушан Қабденовна Семей медицина университетінің резиденттеріне алғыс білдіреді:

Мен 2020 жылғы 25 шілде күні Өскемен қаласындағы Провизорлық орталықтан (Оңалту орталығынан) инфекция бөліміне (U07.1) COVID-19 коронавирустық инфекциясы диагнозымен түстім. ПТР оң. КТ белгілері: өкпенің екі жақты полисегментарлы пневмониясы,  вирустыгенез теріске шығарылмайды (52% ға дейін зақымдалған).

Сол күнгі қорқынышымды сөзбен айтып жеткізе алар емеспін. Инфекция бөліміне түскеннен бастап дәрігерлердің адал еңбектерін ерекше атап өткім келеді. Әр науқаспен  сөйлесіп, түсіндіріп, біздің тез жазылып шығуымызға үміт артатындарын, барынша көмек көрсететіндерін айтты. Олар – Семей медицина университетінің резидент-офтальмологы Куспеков Миржан Мирланович, резидент-травматолог-ортопеді Каламов Адилет Муратбекович. Өз істерінің шеберлері, кәсіби білікті мамандар ретінде өздерін көрсете білді. Қанша науқастың емделіп шығуына атсалысып жатқан қазақтың бір туар  азаматтары. Осындай азаматтардың халқыма қолдау көрсетіп жатқандарына өте ризамын.

Теледидардан көріп әбден қорқып қалғанбыз ғой, мұнда бәрі басқаша, орнықты. Біздің Өскеменде осындай барлық жағынан дамыған инфекциялық бөлімде ем-шара алғаныма өте қуаныштымын. Өте таза, медициналық қызметкерлер  жұмыстарына  адал, сыпайы,  өте  білікті  мамандар. Төсек орын, тамақпен, дәрімен толықтай қамтамасыз етілген. Қатаң тәртіп. Жас мамандардың тәжірибе алмасып жатқанына өте ризамын. Осының бәрі – Сіздің  басшылығыңыз, Ерсін Тұрсынханұлы!

Жарияланды: