Бірінші курс студенттеріне арналған онлайн бейімделу күндері басталды

Бірінші курс студенттеріне арналған онлайн бейімделу күндері басталды

Құрметті бірінші курс студенттері! Міне, сіздердің студенттік өмірлеріңіздің алғашқы күні де келіп жетті. «Семей медицина университеті» КеАҚ өз университеттеріңізбен жақынырақ танысу мақсатында 28 тамыз, 1, 2 қыркүйек күндері сіздерге арнайы онлайн бейімделу күндерін ұсынады.

Сонымен, назарларыңызға алдағы күндердің кестесін ұсынамыз.

 

28 тамыз (іс-шара өткізілу форматы: YouTube желісі бойынша Stream)

1) Семей қаласымен қысқаша онлайн-танысу.

2) Кампус бойынша онлайн-экскурсия (университеттің бас ғимараты)

3) «СМУ» КеАҚ ішкі ережелерімен және этика кодексімен танысу.

 

1 қыркүйек (іс-шара өткізілу форматы: ZOOM конференциясы)

1) KEYPS ақпараттық платформасына тіркелу және жұмыс істеу;

2) Оқу процесін ұйымдастыру ережелері және академиялық саясат.

 

2 қыркүйек (іс-шара өткізілу форматы: YouTube желісінде Stream, ZOOM конференциясы)

1) Білім күніне арналған онлайн-мерекелік іс-шара;

2) Университет психологымен танысу;

3) Студенттік өзін-өзі басқару ұйымы және жастар клубтарымен танысу;

4) Жастар саясаты және сыртқы байланыстар департаменті қызметкерлерімен онлайн-кездесу (ZOOM).

 

Сіздерден YouTube әлеуметтік желісіндегі Semey Medical University ресми парақшасына жазылуыңызды сұраймыз.

Соңғы жаңалықтармен сіздермен міндетті түрде бөлісіп отырамыз. Бізбен бірге болыңыздар!

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар