«Балалардағы көпжүйелі қабыну синдромы» тақырыбында конференция өтті

«Балалардағы көпжүйелі қабыну синдромы» тақырыбында конференция өтті

Балалардағы көпжүйелі қабыну синдромы (paediatric multisystem inflammatory syndrome), организімде бір уақытта бірнеше жүйенің қабынуымен, балаларда жоғары қызбамен (38.5°C және одан жоғары), қан қысымының төмендеуімен, оттегінің жеткіліксіздігімен, органдардың жетіспеушілігімен жүретін, Кавасаки синдромына ұқсас патология. SARS-CoV-2 асқынуы ретінде қарастырылады. Жоғарыдағы назология алғаш 2020 жылдың мамыр айында ғылыми ортада талқылана бастады. Синдром сирек кездеседі. Оның пайда болуы туралы хабарламалардың көпшілігі АҚШ, Ұлыбритания және ЕО елдерінен келеді, сондықтан оның басқа аймақтарда қалай көрінетінін анықтау қиын. 2020 жылдың 15 мамырындағы жағдай бойынша Еуропалық Аурулардың алдын алу және бақылау орталығы Еуропада 230 жағдай туралы хабарлады, балалар COVID-19 расталған жағдайларының шамамен 2,1% құрайды, бұл балалар қабыну синдромынан болатын эпидемиологиялық қауіптің төмен деңгейін көрсетеді. АҚШ-та, әсіресе Нью-Йоркте 200-ден астам жағдай тіркелген. 2020 жылы 13 маусымда Мәскеуде аурудың 13 жағдайы туралы белгілі болды.

Семей қ. Жұқпалы аурулар ауруханасында «СМУ» КеАҚ Балалар жұқпалы аурулар кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к. Эфендиев И.М. басқаруымен, кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы, дәрігер инфекционистер, 6 курс ЖТД интерндер, резидент-инфекционистердің қатысуымен «Балалардағы көпжүйелі қабыну синдромы» тақырыбында конференция өтті. Баяндамашы Сутормина А.А. балалардағы көпжүйелі қабыну синдромының өзектілігі мен клиникалық ерекшелігіне, лабораторлы диагностикасына кеңінен тоқталды.

 

Кафедра ассистенті Смаилов Е.С.[vc_row dt_title=”” mode=”grid” responsiveness=”browser_width_based” bwb_columns=”desktop:3|h_tablet:2|v_tablet:2|phone:1″ pwb_column_min_width=”” pwb_columns=”” gap_between_posts=”5px” loading_effect=”fade_in” image_sizing=”resize” resized_image_dimensions=”3×2″ image_border_radius=”0px” image_decoration=”none” shadow_h_length=”0px” shadow_v_length=”4px” shadow_blur_radius=”12px” shadow_spread=”3px” shadow_color=”rgba(0,0,0,0.25)” image_scale_animation_on_hover=”slow_scale” image_hover_bg_color=”default” custom_rollover_bg_color=”rgba(0,0,0,0.5)” custom_rollover_bg_gradient=”45deg|rgba(12,239,154,0.8) 0%|rgba(0,108,220,0.8) 50%|rgba(184,38,220,0.8) 100%” hover_animation=”fade” show_zoom=”y” gallery_image_zoom_icon=”icomoon-the7-font-the7-zoom-06″ project_icon_size=”32px” project_icon_color=”#ffffff” project_icon_bg_size=”44px” project_icon_bg=”n” project_icon_bg_color=”rgba(255,255,255,0.3)” project_icon_border_radius=”100px” project_icon_border_width=”0px” project_icon_border_color=”” loading_mode=”disabled” jsp_posts_per_page=”” jsp_show_all_pages=”n” jsp_gap_before_pagination=”” jsm_posts_per_page=”” jsm_gap_before_pagination=”” jsl_posts_per_page=”” navigation_font_color=”” navigation_accent_color=”” include=”” dt_project_icon_title=”” css_dt_gallery=””][vc_column]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқу процесі