Интерндер мен резиденттер Президент Жолдауын талқылады

Интерндер мен резиденттер Президент Жолдауын талқылады

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша тәрбиелік іс-шараны жүзеге асыру мақсатында 2020 жылғы қыркүйектің 9-ы күні Д.М. Түсіпова атындағы балалар хирургиясы, ортопедия және педиатрия кафедрасында кафедра меңгерушісі, PhD Д.О. Ахметжанова, м.ғ.к. А.Р. Алимбаева, кафедра ассистенті Д.М. Иманмадиева ұйымдастыруымен ҚР Президенті Касым–Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазахстан халқына Жолдауы талқыланды.

Іс-шараға 727 топ және 728 топ ЖТД интерндері мен 2 жыл резидент-педиатрлар белсенді қатысты. Президент өз жолдауында еліміздің ары қарайғы даму стратегиясымен таныстырды, маңызды реформаларды ұсынды. Денсаулық сақтау жүйесінің дамуы еліміздегі жоспарлы өзгерістердің басым бағыттарының бірі болып табылады. Дәрігер мамандығының беделін көтеру және еңбекті лайықты материалдық бағалау осы реформалардың ажырамас бөлігі. Реформалардың соңғы нәтижесі біздің әрқайсымызға байланысты екендігін түсінуіміз қажет.

Жарияланды: