2020 жылдың 15 қыркүйек күні Медицина мектебінің деканы Салтанат Узбекова «Жалпы медицина» мамандығының 1 және 2 курс студенттерімен онлайн-кездесу ұйымдастырды. Кездесуге тіркеуші-офис бас маманы Баян Рахимжанова, декан орынбасарлары Актоты Бужеева және Айгуль Дюсенбаева қатысты.
Күн тәртібінде университеттің әкімшілік құрамы, академиялық саясат, сабаққа қатысу ережелері, аппеляцияға беру тәртібі, акдемиялық адалдық қарастырылды.
Медицина мектебінің деканы Салтанат Узбекова студенттермен қашықтықтан оқыту кезінде 2020-2021 оқу жылына арналған «Қашықтықтан оқытудың академиялық саясаты» бойынша негізгі ережелермен таныстырды.
Тіркеуші-офис бас маманы Баян Рахимжанова қашықтықтан оқыту кезеңінде емтихандарды тапсыру ерекшеліктерін, тестілеудің және емтиханды ұйымдастыру тәртібін таныстырды.
Сонымен қатар, онлайн-кездесу барысында «Қашықтықтан оқытудың академиялық саясаты», онлайн прокторинг, формативті және суммативті бақылау тапсыру ережелері туралы сөз қозғалды. Студенттер өздерін толғандырып жүрген сұрақтарға жауап алды.
Медицина мектебі