Ұлы ақын Абайдың 175 жылдығына орай кураторлық сағат өтті

Ұлы ақын Абайдың 175 жылдығына орай кураторлық сағат өтті

2020 жылдың қыркүйек айының 15 күні Семей медицина университеті “Жалпы медицина” мамандығы бойынша 2 курс 2116 тобының студенттері Zoom платформасы арқылы ұлы ақын Абайдың 175 жылдығына арналған кураторлық сағат өтті.

Біздің университет қасиетті есімге кір келтірместен Абайдың бай шығармашылық мұрасын насихаттап, жас ұрпаққа қалдырған өсиеттерін мүлтіксіз орындап келеді. Қазіргі әлемде болып жатқан жағдайға қарамастан ақын Абайдың мерейтойын онлайн форматта тойлап жатыр.

Абай өз ғұмырының ақырына дейін қазақ балаларын оқуға, білім-ғылыммен айналысуға, рухани дамуға және әлемдік мәдениеттің құндылықтарын бойға жинауға шақырғанын білеміз. Дана ақын келер ұрпақты «жүрегімнің қуаты, перзенттерім» деп бағалайды. Жат мінез-құлықтан аулақ болудың нақты жолдарын меңзейді. Замана атты ұлы күштің, феодализм дәуірінің құрсауында қалып қоймай, ұлы бабамыз ұлтының бүгіні мен ертеңіне, болашағына алаңдады. Ол туған халқын қараңғылықтың бұғауын бұзып, жарқын күндердің шуағына бөленетін жолдарды іздестіруге шақырды. Ұлы дала философы және ағартушысының өмірден озғанына ғасырдан астам уақыт өтсе де, оның бейнесі туған халқына, туған ұлтына жақындай түсуде. Еліміз егемендік алып, тәуелсіздік туы төбемізде желбіреген кезеңде ұлы ойшылдың жауһар жырлары мен мазмұны терең ой-танымдарының құндылығы артып келеді. Бұл бүгінгі жаппай жаһандану дәуірінде де өте өзекті. XXI ғасырда өмір сүріп жатқан азаматтар, әсіресе, жас толқын үшін осы айтылған өсиеттердің құндылығына ешкім де шек келтіре алмайтын шығар. Абайдың «Толық адам туралы» тәлімі жоғары адамгершілік нормаларын, рухани мәдениетті және жастардан жан-жақты білімді талап етеді. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласында айтып өтті. Мемлекет басшысының сөзіне сүйенсек: «Абайды білу – өзіңді тану. Өзін-өзі тану және адамның тұрақты дамуы, ғылым мен білімнің басымдығы – жетілудің көрінісі». Біздің университеттің әр студенті Абайдың шығармашылығын терең зерттеп, өзі үшін өмірлік маңызды бағыт-бағдарды табады деп сенеміз.

Абай шығармашылығы тек қазақ халқының ғана мұрасы емес. Шетелдіктер қазақты Абай арқылы таниды, ақынның жырлары арқылы бағалайды. Оның жалпыадамзаттық құндылықтарды насихаттауға толы шығармалары бүкіл халықаралық қауымдастыққа жатады, әлемдік мәдениеттің бөлігі болып табылады.

Ұлы Абайдың 175 жылдығын мерекелеу біздің еліміздің әлемде танылуына тың серпін беретініне сенімдімін. Абай есімі жаңа Қазақстанның брендіне айналуы керек, сондықтан оның шығармаларын біздің елден тыс жерлерде де кеңінен насихаттау қажет.

 

ЖББП кафедрасының аға оқытушысы Т.А. Муздыбаева

2 курс 2116 ЖМ студенті Аяжан Ризабекова [vc_row dt_title=”” mode=”grid” responsiveness=”browser_width_based” bwb_columns=”desktop:1|h_tablet:1|v_tablet:1|phone:1″ pwb_column_min_width=”” pwb_columns=”” gap_between_posts=”5px” loading_effect=”fade_in” image_sizing=”proportional” resized_image_dimensions=”1×1″ image_border_radius=”0px” image_decoration=”none” shadow_h_length=”0px” shadow_v_length=”4px” shadow_blur_radius=”12px” shadow_spread=”3px” shadow_color=”rgba(0,0,0,0.25)” image_scale_animation_on_hover=”disabled” image_hover_bg_color=”default” custom_rollover_bg_color=”rgba(0,0,0,0.5)” custom_rollover_bg_gradient=”45deg|rgba(12,239,154,0.8) 0%|rgba(0,108,220,0.8) 50%|rgba(184,38,220,0.8) 100%” hover_animation=”fade” show_zoom=”y” gallery_image_zoom_icon=”icomoon-the7-font-the7-zoom-06″ project_icon_size=”32px” project_icon_color=”#ffffff” project_icon_bg_size=”44px” project_icon_bg=”n” project_icon_bg_color=”rgba(255,255,255,0.3)” project_icon_border_radius=”100px” project_icon_border_width=”0px” project_icon_border_color=”” loading_mode=”disabled” jsp_posts_per_page=”” jsp_show_all_pages=”n” jsp_gap_before_pagination=”” jsm_posts_per_page=”” jsm_gap_before_pagination=”” jsl_posts_per_page=”” navigation_font_color=”” navigation_accent_color=”” include=”” dt_project_icon_title=”” css_dt_gallery=””][vc_column]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар