КеАҚ «Семей медицина университеті» жалпы білім беретін пәндер кафедрасының оқытушылары пандемияға байланысты сабақты қашықтықтан оқытуды жалғастыруда. Оқытушылар қашықтықтан оқытуды жүйелі және тиімді өткізу мақсатында түрлі әдістерді қолдануда. Қазақ тілі және кәсіби қазақ тілі пәнінен студенттер ұсынылған материалдарды KEYPS жүйесіндегі блюпринттер арқылы танысқаннан кейін, пән оқытушысы Н.М. Абешова Zoom, Skype платформасы арқылы сабақты түсіндіріп, WhatsApp мессенджері арқылы пысықтап тексеріп, студенттердің сұрақтарына жауап береді. Сабақ барысында Zoom, Skype платформалары тілдамыту жұмыстарына қолайлы болса, WhatsApp мессенджері арқылы студенттер сауатты жазуға дағдыланады.
Пән оқытушысы Н.М. Абешова