Терапиялық стоматология кафедрасында Президент Жолдауы талқыланды

Терапиялық стоматология кафедрасында Президент Жолдауы талқыланды

2020 жылғы 18 қыркүйек күні «СМУ» КеАҚ терапиялық стоматология кафедрасында «Стоматология» мамандығы бойынша білім алатын 601, 602 топ интерндерімен  және кафедра меңгерушісі, профессорлық-оқытушылық құраммен дөңгелек үстел ұйымдастырылды, осы шараның барысында Елбасы Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына «Қазақстан жаңа бейнеде: іс-әрекет уақыты» атты жолдауы талқыланды.

Дөңгелек үстелге қатысушылармен білім және ғылым жүйесінің бағыты мен алға қойылған міндеттері, отбасы-демографиялық жағдайды жақсарту мәселесі, экология мен тұрғын үй мәселесін дамытудағы бағыт-бағдарлар талқыланды. Қазіргі таңда Қазақстанда әрбір 6-шы жанұя бала сүйе алмайды, соған орай демографиялық көрсеткіштерді жақсарту мақсатында ДТҰ-ға берілетін квота санын арттыруға бағытталған «Аңсаған сәби» бағдарламасы әзірленетінін  атап өтті. Сонымен қатар медицина қызметкерлерін ынталандыру мақсатында еңбекақыларына қосымша үстемақы қосу үшін 150 миллиард теңге қаржы бөлінетіндігін айтты. Ел Президенті мұның барлығы жүйелі түрде іске асырылуы қажеттігін ескертті. Ақпарат интерндермен және профессорлық-оқытушылық құраммен толық сарапталып, назарға алынды.

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар