Семей медицина университетінің ұжымы төтенше жағдай кезінде карантиндік ережелерді қатаң сақтап, инфекцияның таралуын тежеуге атсалысуда. Қазіргі жағдайда әрбір ұжым, әрбір азамат жауапкершілікті арттырып, мемлекет тарапынан қолға алынып жатқан шараларды қатаң сақтау керек екенін білеміз. Мұның барлығы – адам өмірін сақтап қалу үшін жасалып жатқан шаралар. Сол себепті жалпы білім беретін пәндер кафедрасының оқытушылары да пандемияға байланысты студенттерді қашықтықтан оқытуда. Қашықтықтан оқыту кезінде ЖББП кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., М.Д. Жоркпаева Zoom, Skype платформасын, WhatsApp мессенджері арқылы түрлі әдістерді қолдануда. Студенттерге ұсынылатын материалдардың барлығы KEYPS жүйесіндегі блюпринттерге салынған. Білім алушылар алдын ала тапсырмаларды оқып, түсінбеген материалдарын сабақ кезінде сұрап, «Zoom», «Skype» платформаларында топпен талқылайды. Қазіргі уақытта шыдамдылық, төзімділік және жауапкершілік танытып, қиындықты бірге жеңуге шақырамын.
ЖББП кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к, М.Д. Жоркпаева