«Студенттердің өзін-өзі ұстау ережелері» тақырыбында кураторлық сағат өтті

«Студенттердің өзін-өзі ұстау ережелері» тақырыбында кураторлық сағат өтті

2020 жылғы 21-ші қыркүйек күні Семей медицина университеті «Жалпы медицина» мамандығының 2 курс 2116 топ студенттерінің қатысуымен «Студенттердің өзін-өзі ұстау ережелері» тақырыбында кураторлық сағат өтті.

Кураторлық сағат мақсаты – студенттерге жоғары оқу орынында студент өзін қалай ұстауы керектігін, университеттің тәртіп ережелерін, әсіресе университеттің жұмыс чаттарындағы этикетті түсіндіру.

Баяндама барысында студенттер:

  • Университетттің жұмыс чаттарында өзін қалай ұстау керек;
  • Сөйлеу барысында қарым-қатынас этикасын сақтау;
  • Әлеуметтік желілердегі байланыс;
  • «Жеке кеңістік» түсінігі;
  • Университеттің тәртіп ережелерімен слайд түрінде таныстырылып пікір алмастырылды.

 

ЖББП кафедрасының аға оқытушысы Т.А. Мұздыбаева

Топ старостасы Әсел Биғазина

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар