Қазақ халқында әдептілік, сыпайылық тәрбиедегі басты ұстанымдардың бірі. Әрбір адамның кез келген уақытта да әдептілік сақтауы ұнамды қасиет. «Ұлық болсаң кішік бол» деп қандай лауазымда болса да қара жұрттан бөлінбеуге, менмендікке бой алдырмауға насихат еткен халқымыз бетегеден биік, жусаннан аласа орташа қарапайым жолды қадірлеген, қоңырқай тіршілікті қош көрген. Қазіргі ақпараттық заманда жастар тәрбиесінде осындай қасиеттер жоғалып бара жатыр десек, артық емес. Сол себепті, жастарға үлгі тұтар қазақ халқының ұлағатты адамдарын қайта еске алып, солар салған сара жолдар бойынша жүруді насихат етуге арналған тәрбие сағаты 2115 «Жалпы медицина» тобында өтті. Кураторлық сабақ «Тәрбиелі тәртіптің құлы» деп айтқан Бауыржан Момышұлы тұжырымына негізделіп өткізілді.
Топ кураторы, ЖББП кафедрасының аға оқытушысы С.А. Купанова