Швейцариядағы қазақстандықтардың BIRLIK қауымдастығы, Еуропадағы Қазақ Дәрігерлері Медициналық Қауымдастығы MAKDЕ және MedSupportKZ ақпараттық қолдауымен Қазақстан Республикасындағы медициналық мамандық студенттері мен жас мамандарды қолдау арқылы COVID-19 пандемиясымен күресу бағдарламасын жариялаған болатын. Бағдарлама мақсаты – COVID-19 пандемиясымен күресуге қатысты академиялық, ғылыми, қоғамдық іс-әрекеттерді ынталандыру.
Семей медицина университетінің докторанты Әйгерім Исмагилова аталған бағдарлама жеңімпазы атанып, «United for Health» стипендиясына ие болды. Әйгерім Исмагилова Абай облысының Өскемен қаласында дүниеге келген. 2004 жылы Семей мемлекеттік медицина университетінің «Емдеу ісі» факультетіне оқуға түсті. 2011 жылы «Акушерия және гинекология» интернатурасын аяқтай салысымен, Семей қаласының Перинатальді орталығына акушер-гинеколог қызметіне орналасты. 2016 жылы білімін одан әрі жетілдіру мақсатында «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша магистратурасында оқып, үздік бітіріп шықты. 2018 жылдан бастап «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша докторантурада білім алуда.