2020 жылдың 18 қыркүйек күні KazMSA LC SMU (SCORP) адам құқықтары және бейбітшілік мәселелері жөніндегі тұрақты комитет белсенділері «Дүниежүзілік науқастардың қауіпсіздігі күні» тақырыбында іс-шара өткізді. Іс-шара Google meet платформасы арқылы өтті. Басты мақсат – пациенттерге қауіпті күтім жасаудың салдары және адамның денсаулыққа деген құқығын қарастыру.
Іс-шара барысында арнайы шақырылған спикермен тренинг өткізілді. Азизбек Зунунович студенттерге жеке тәжірибесінен қызықты оқиғалар айтып, қызықтырған сұрақтарына жауап берді.