Биыл әйгілі күйші-сазгер, дирижер, дәулескер домбырашы, халық әртісі, халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 95 жыл толып отыр. Нұрғиса Атабайұлы қазақтың музыкалық мәдениетіне композитор, дирижер, орындаушы ретінде өшпес із қалдырды. Ол 500-ден астам музыкалық төл туындылардың авторы.
30 қыркүйек күні сіздерді жастар саясаты бөлімі және көркемөнерпаздар ұйымының белсенді студенттерінің қатысуымен өтетін мерекелік іс-шараға шақырамыз!