2020 жылғы 22 қыркүйек күні СМУ терапиялық стоматология кафедрасында кафедра меңгерушісі, профессорлық-оқытушылық құрам және «Стоматология» мамандығының 601, 602 топ интерндерімен ұлы ақын, ойшыл, қазақтың ұлттық әдебиетін қалаушы Абай Құнанбаевтың 175-жылдығына арналған «Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған?» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Оның ұлтқа, мәдениетке, тілге байланысты айтқан нақыл сөздері келер ұрпаққа құнды рухани мұра болып қалып отыр.
Алғы сөзді терапиялық стоматология кафедрасының меңгерушісі Н.Б. Хайдарова айтты. Кейін интерндер Е. Әбіл, Н. Капезов ұлы ақын, ойшыл Абайдың өмірбаяны мен шығармашылығын презентация арқылы таныстырды. Дөңгелек үстел барысында интерндер ақынның өмір сүрген ортасы, шығармашылығы және әділетсіздікпен арпалысқын қиын тағдыры, еуропа мәдениетін жақындату мақсатында реформатор болғаны туралы айтты.Абайдың халықтың көзін ашуға бағытталған, олардың кемшіліктерін айқындайтын 45 қара сөзден тұратын прозалық поэмасы «Саңырауларға мылқау, басқа ұлттардың шовинизмі, жалқау және айлакер, талантсыз алаяқтар» сынды «Қара сөз» туындысы туралы ой талқыланды, кейін интерндер Абай Құнанбаевтың өлеңдерін оқыды. Ұлы ақынның шығармашылы гуманизм мен моральді ойларға толы болған. Ақын-гуманисттің ойлары шараға қатысушылардың рухани ойлауы мен дүниеге көзқарасын байытты және де тағы Ұлы Абайды еске алып, шығармашылығымен танысудың жақсы мүмкіндігі болды.