Балалар хирургиясы, ортопедия және Д.М. Түсіпова атындағы педиатрия кафедрасының меңгерушісі PhD докторы Ахметжанованың Д.О. жетекшілігімен және 725 топ ЖОД интерндерімен 2020 жылдың 21 қыркүйегінде «Рахиттің алдын алу» тақырыбында санитарлық-ағарту жұмыстары өткізілді. Рахит баланың қарқынды өсуі мен дамуы кезеңіне қатысады. Негізгі рахиттің себебі – Д витаминінің жетіспеушілігінен дамиды. Рахиттің даму қаупі 3 айдан 3 жасқа дейінгі балаларда байқалады, өйткені организмнің өсу қарқыны осыған байланысты. Рахит қазір кең таралған аурулар қатарында. Бұл аурудың күрделілігінен мешел медициналық-әлеуметтік мәселе ретінде қарастырылып отыр. Рахиттын белгісі табылған кезден бастап-ақ өзге де аурулар сыр бере бастайды. Солардың арасында остеопороз, остеомеляция, тіс жегісі, минелофиброз, қаназдық жиі ұшырасады. Кальций, фосфор жетіспеушілігінен сәбилер арасында үлкен дәретке отыра алмау қиындықтары кездеседі.Әңгімелесу барысында интерндер жиналғандарға рахит ауруының алдын-алуға қатысты негізгі ойларды, сондай-ақ қосымша тағамдарды дұрыс енгізу ережелерін түсіндірді. Ата-аналар қызығушылықпен тыңдады, белсенді сұрақтар қойды, олар жан-жақты жауаптар алды. Интерндер ақпараттық брошюралар жасап, оларды ата-аналарға таратты.
Категориясы: Оқушылар
Осы жазбамен бөлісу