2020 жылдың 22-23 қыркүйегінде «Жалпы медицина» білім беру бағдарламасының 2 курсында «Қалыпты кардиореспираторлық жүйе», «Қалыпты нерв жүйесі мен сезім мүшелері», “Қалыпты қан мен лимфа» интеграцияланған пәндері бойынша объективті құрылымдық практикалық емтихананды (ОҚПЕ) ұйымдастыру және өткізу сұрақтары бойынша онлайн семинар өткізілді.
Семинарды «Жалпы медицина» білім беру бағдарламасының 2 курс координаторы анатомия кафедрасының аға оқытушысы, м.ғ.к. Милюшина Я.А., «Қалыпты зәр-жыныс жүйесі» интеграцияланған пәнінің директоры гистология кафедрасының меңгерушісі, доцент, м.ғ.к. Токешева А.М., “Жалпы медицина” білім беру бағдарламасының 1 курс координаторы анатомия кафедрасының меңгерушісі, доцент, м.ғ.к Кожанова С.К. ұйымдастырды.
Белгілі болғандай, 2020-2021 оқу жылында алғаш рет қашықтан оқыту жағдайында студенттердің жетістіктерін суммативті бағалау кезеңдерінің бірі ретінде «Жалпы медицина» білім беру бағдарламасының 2- курсында практикалық емтихан енгізіліп жатыр. 2020 жылғы 5 және 6 қазанда аталған пәндерді оқу аяқталғаннан кейін интеграцияланған ОҚПЕ түріндегі практикалық емтихан жоспарлануда. Интеграцияланған тестілеу түрінде білім алушылардың жетістіктерін суммативті бағалаудың екінші кезеңі емтихан сессиясы кезінде өткізіледі. Интеграцияланған ОҚПЕ алгоритімін анатомия кафедрасының меңгерушісі Кожанова С.К. және анатомия кафедрасының аға оқытушысы Милюшина Я.А. әзірледі. Семинар жұмысына анатомия, гистология, қалыпты физиология, биохимия және химиялық пәндер, жұқпалы аурулар және иммунология, молекулалық биология және медициналық генетика, микробиология кафедрасының ПОҚ және медицина мектебіңің деканы Узбекова С.Е. белсенді қатысты. Семинар барысында аталған интеграцияланған пәндер бойынша ОҚПЕ ұйымдастыруға және өткізу алгоритміне қатысты мәселелер талқыланды. Семинарға қатысушылар администраторға, интеграцияланған пән директорына, емтихан қабылдаушыларға арналған ОҚПЕ өткізу нұсқауларымен танысты. Семинарда прокторинг жүйесіне көп көңіл бөлінді. Қазіргі уақытта аталған интеграцияланған пәндерді оқытуды жүзеге асыратын кафедралар ОҚПЕ қабылдау үшін оқу-әдістемелік материалдарды дайындау үстінде.