2020 жылғы 20 қыркүйек күні симуляциялық технологиялар кафедрасы мен кураторлық топтар 4131 ЖМФ, 1207 ЖМФ топтарымен келе жатқан қарттар күніне байланысты «Карантин – қызықты адамдармен араласуға кедергі емес» атты дәрігер-ардагерлермен Балтабаев Сейілхан Балтабаевич және оның жолдасы Күлжазира Рыскалиевна мен онлайн кездесу өткізді.
Балтабаев Сейілхан Балтабаевич 1937 жылы 30 қыркүйекте Семей облысы Абралы ауданы Дегелен ауылында дүниеге келген. 1959 жылы Семей медицина университетіне түсіп, осылай алғаш үлкен еңбек жолына қадам басты. 6 жылдан кейін университетті аяқтап, «дәрігер-емдеуші» дипломын алды. 1965 жылы жолдасы Күлжазира Рыскалиевна мен Шар қаласына көшті. Сол қалада өзі дәрігер-пульмонолог, ал жолдасы терапевт қызметін атқарды. 1968 жылы Сейілхан Балтабаевич Шарда теміржол ауруханасында бас дәрігер болып тағайындалды. 1975 жылы Орал қаласындағы теміржол ауруханасына бас дәрігер болып ауысты. 1979 жылы Алматы қаласынының 2-теміржол ауруханасында бас дәрігер орынбасары болып тағайындалды, ал 1з986 жылы «Локоматив» атты санатория-профилактикалық мекемеге бас дәрігер болып тағайындалды. Сейілхан Балтабаеич өзінің ұзақ жемісті еңбек жолы үшін марапатталды: «Денсаулықсақтау үздігі»атағын- СССР Денсаулық сақтау Министірлігінен, «Құрметті теміржолшы» -СССР ақпарат тасымалдау Министірлігінен.
Жолдасы Күлжазира Рыскалиевна дәрігер-кардиолог мамандығын таңдады. Өзінің еңбек жолын Шар аудандық ауруханасында дәрігер-терапевт болып бастаған. Семей облыстық ауруханасында алғашқы функционалды диагностика базасында жұмыс істеп, Медицина ғылымдарының докторы Андреичева А.А басқаруымен Орал облыстық ауруханасында дәрігер-кардиолог болып жұмыс атқарған. Алматы қаласына көшкен соң Совминдік ауруханасында дәрігер-кардиолог қызметін атқарып, сонымен қатар дәрігерлер және орта медицина қызметкерлерін оқытумен айналысты. Гулжазира Рыскалиевнаға атқарған еңбегі үшін «СССР Денсаулық сақтау үздігі» атағын беріп, «СССР ақпарат тасымалдау Министірінен өзінің аты жазылған сағатты табыстады.
Сонымен қатар медицинада олардың жанұялық стажы 100 жылды құрайды.
Онлайн кездесу кезінде студенттер өздеріне қызықты сұрақтарын қойып,олардың медицинаға арнаған өмірлері жайлы ой-пікірлерін сұрады. Медицина қызметкерлері жұмысы ең мәрбелі және қайрымды жұмыс екеніне тағы бір көз жеткізді.
Әңгіменің соңында студенттер осындай кездесулердің маңыздылығын айтты.