2020 жылдың 28 қыркүйегінде гистология кафедрасының кураторлары мен “Жалпы медицина” мамандығының 210, 213 және 221 топтарының студенттері онлайн режимде Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылады. Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтау мақсатында Мемлекет басшысы экономика, әлеуметтік қатынастар, мемлекеттік басқару, білім беру, экология, цифрландыру, денсаулық сақтау салаларын реформалау жоспарын ұсынды. Денсаулық сақтау жүйесін дамыту саласындағы міндеттер ерекше назар аударуға тұрарлық: медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру және ынталандыру үстемесін төлеу, отандық фармацевтика саласын дамыту қажеттігі, жаңа медициналық нысандарды ашу, алғашқы медициналық көмекті ұйымдастыру тәсілдерін қайта қарау, шалғай өңірлер үшін медициналық көліктерді жаңғырту. Президент елімізде эпидемиологтардың, инфекционистердің, реаниматологтардың, пульмонологтардың, кардиологтардың тапшылығы бар екенін атап өтті, сондықтан аталған мамандықтардың дәрігерлерін даярлау қажет. Доцент Д.А. Темірбеков біздің университет аталған мамандықтардың дәрігерлерін даярлауды жүзеге асыратынын атап өтті. Кураторлық топтардың көптеген студенттері көрсетілген тапшы мамандықтарға резидентураға түсуді жоспарлап отырғандарын айтып өтті.
Категориясы: Оқушылар
Осы жазбамен бөлісу