«Үлгі боларлық бастама» тақырыбы аясында мейірбике ісі кафедрасының ассистенттері А.М. Досбаева, М.М. Сағадиева, Р.М. Қисина, А.А. Тохтарова 1112 «Жалпы медицина», 301, 201, 202, 401 «Мейірбике ісі» студенттерімен ZOOM платформасында онлайн кураторлық сағат өткізді. Кураторлық сағатта университетте, сабақ барысындағы және университеттің жұмыс чаттарындағы ішкі тәртіп ережелері талқыланды. Білім алушылардың этика кодексі, оның ішінде студенттердің корпоративтік мінез-құлық қағидаттары, оқытушылармен өзара қарым-қатынасы, білім алу уақытындағы тәртіп, «СМУ» КеАҚ білім алушыларының дәрігерлермен өзара қарым-қатынасы (практикадан өту кезінде) таныстырылып, сараланды. Университеттің жұмыс чаттарын дұрыс қолдану: амандасу, өзін-өзі таныстыру, сауалын қысқа және түсінікті жазу, «жеке кеңістік» түсінігі, барлық чат қатысушыларына деген сыйластық, субординацияны сақтау ережелері айтылды.
Категориясы: Оқушылар
Осы жазбамен бөлісу