2020 жылдың қыркүйек айында жалпы медицина мамандығының 1223 топ студенттері, куратор Б.А. Жоргатаеваның қатысуымен «Тіл мерейі, ел мерейі!» атты тақырыпқа ZOOM платформасында онлайн тәрбие сағатын өткізді. Ж.М. Сапарбаева «Тіл – халықтың жаны» тақырыбында баяндама оқыды.
М. Әуезовтің «Ана тілін білмейтін адам мәдениетті адам санатына қосылмайды» дей келе, ана тілін дамыту үшін әркім өз ана тілінде таза сөйлеуі тиіс. Себебі, жүйелі тіл жүйелі ойды құрайды. Тіл – қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлім-тәрбиесінің негізі. Тіл – халықтың жаны. Тіл жойылса, халық та жер бетінен жоғалады. Бүгінгі қазақ қоғамындағы тіл мәселесінің басы да өз тілін білмеуден басталады. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем танитын ел болу үшін тіліміздің мәртебесін биіктетуіміз қажет. Ата-бабаларымыздың тарихы мен шежіресі, түрлі әдеби мұралары бүгінгі ұрпаққа өзіміздің ана тіліміз арқылы жетіп отыр. Тіл тарихы халық тарихына ұқсас әрі бірегей ұғым. Қоғамның жылжып өзгеруіне байланысты тіл де дамып өзгеріп отырады. Қазақ тілі мәселесін мемелекеттік деңгейге көтерілгеннен кейінгі жылдары бұқара жұртшылықтың да, жастардың да ана тілі үшін көптеген маңызды жұмыстар атқарғаны белгілі. Халық тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Дүниедегі барлық халық аңсаған тәуелсіздігін, ата-баба дәстүрін, ана тілін сақтау үшін ұмтылады. Сондықтан кез-келген мемлекеттің өзінің аумақтық салт-дәстүрін, ана тілін ерекше құрметтейді, қорғайды.
Студенттер белсене қатысып, өз ойларын айтып, пікір алмасты. Кураторлық сағатта топ кураторы тәрбие сағатының маңыздылығы жайлы түсіндіріп, қорытындылады.
Куратор Б.А. Жоргатаева
Топ студенті Ж.М. Сапарбаева