COVID-19 әлемнің көптеген елдеріндегі адамдарға әсер етті. Пандемия – бұл адам үшін, әсіресе эмоционалды адам үшін, үнемі стресс пен мазасыздыққа душар болатын қиын сынақ. Карантин және оқшаулау жағдайында психикаңызды қалай қорғауға болады?
Біз сізге алаңдаушылықтың жоғарылауының 10 белгісін ұсынамыз.
- Сіздің алаңдаушылығыңыз себепке сәйкес емес. Мазасыздықтың жоғарылауы әдеттегі мазасыздықтан ерекшеленеді, өйткені ол интрузивті, өмір сапасына теріс әсер етеді және адамның күнделікті іс-әрекетін бұзады.
- Сіз өзіңізді физикалық тұрғыдан нашар сезінесіз. Мазасыздықтың бұзылуында эмоционалды ғана емес, физикалық жағдайдың да нашарлауымен байланысты белгілер бар: бас айналу, ауыз құрғау, шамадан тыс тершеңдік, жүректің қатты соғуы, жүрек айну, бас ауруы.
- Сіз тез шаршайсыз. Тез шаршау кортизолдың (стресс гормонының) нақты немесе қиялдағы проблемалардан туындаған алаңдаушылыққа жауап ретінде өндірілуіне байланысты болады.
- Сіз бір орында отыра алмайсыз. Мазасыздықтың бұл түрін адамдар «қозғалғанды қатты қалап тұрасың» деп сипаттайды
- Сіз бір нәрсеге көңіл қоя алмайсыз. Алаңдаушылықтың қайталануы еңбек көрсеткішін төмендетеді және есте сақтау жұмысына кері әсерін тигізеді.
- Сіз күйгелексіз. Күйгелектік сіздің мінезіңіздің нашарлығынан емес, нерв жүйеңіз барлық болып жатқан жағдайға өте сезімтал болатындығынан пайда болады.
- Сіздің бұлшық еттеріңіз үнемі кернеуде. Ол әр түрлі болып көрініс табады: жұдырық түю немесе тістену, бұлшық еттің ауырсынуы, спазмдар, қысылу.
- Сіздің ұйқыңыз нашар. Кейде айқын себепсіз де бұл үнемі қайталана береді, яғни сізде мазасыздық бар деген сөз.
- Сіз қорқасыз. Егер қорқыныш еңсені басатын, бәрін жоятын, және себепсіз болса, онда сізде фобиялық ауытқу бар деген сөз.
- Сіз-перфекционистсіз. Перфекционисттер барлық жағынан мінсіз болу керек деп ойлайды, бұл тек қана жеке және кәсіби тұрғыда ғана емес, әр ұсақ-түйектен де байқалады: жуынатын бөлмені сықырға дейін жуудан бастап сөредегі алфавит бойынша жиналған кітаптарға дейін.
Қазіргі уақытта біз COVID-19 коронавирусыныңың екінші толқынына байланысты белгісіздік жағдайында, күйзеліс пен мазасыздық күйінде отырмыз. Физикалық және психикалық саулықты сақтау мақсатында біз психогигиенаның белгілі бір шарттарын ұстануды ұсынамыз. Оларға:
- Ақпараттық гигиена.
БАҚ көздерінің тек сыннан өткен түріне ғана сеніңіз! Ақпараттарды іріктеп отырыңыз!
- Эмоциялық жағдайыңызды қолға алыңыз
Өз эмоцияларыңызды басқауды үйреніңіз! Мазасыздық пен алаңдаушылықты басқарыңыз!
- Өз-өзіңізді тәртіпке салыңыз
Ұйқы, дұрыс тамақтану және пайдалы уақыт өткізу кестесін үнемі орындаңыз!
- Күнделікті жұмыс кестесі
Күнделікті жұмыс кестесін құрып, оны ұстаныңыз!
- Спорт
«Спорт, спорт және тағы да спорт!» ұранымен өмір сүріңіз
- Ақыл-ой жұмысы
Жақсы әдебиет оқу мен сүйікті фильм көру жаман ойлардан алшақ кетуге бірден-бір көмектеседі!
- Ұзақ мерзімді жоспарлау
Ұзақ мерзімге жоспар құрыңыз!
- Қарттарға психологиялық көмек
Кез келген ыңғайлы жағдайда қарт адамдарға КӨҢІЛ бөліңіз!
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ, әрқайсымыздың психологиялық саулығымыз, сонымен қатар ұжымның іс-әрекеті бірін бірі толықтыратын үш кезеңмен қамтамасыз етіледі:
- Әр жұмыскер адамның өзіне деген көмегінің деңгейі(өзін-өзі басқару, өзін ұйымдастыру, өзін-өзі бағалау,өзін-өзі бақылау, өзін- өзі ұстауға көмек беруге септігін тигізетін өзін-өзі шарттау мен түсіну)
- Бір-біріне деген көмек деңгейі (эмпатияның қажетті деңгейі, өзара қол ұшын беру және қызметтестер арасында «шынтақ сүйеу»)
- Психологтар қамтамасыз ететін кәсіби мамандандырылған психологиялық көмектің деңгейі
Сіздің денсаулығыңыз өз қолыңызда екенін түсіну маңызды!
Медициналық білім беру кафедрасының оқытушысы,
психология ғылымдарының кандидаты Кунслямова Тогжан Кунслямкызы