«Үміт» кадрлық резервіне үміткерлерді іріктеуді жүргізу шеңберінде өтінімдерді қабылдау туралы хабарлаймыз

«Үміт» кадрлық резервіне үміткерлерді іріктеуді жүргізу шеңберінде өтінімдерді қабылдау туралы хабарлаймыз

Құрметті әріптестер!

«Семей медицина университеті» КеАҚ «Үміт» кадрлық резервіне үміткерлерді  іріктеуді жүргізу шеңберінде өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру жариялаймыз.

«Семей медицина университеті»  КеАҚ  қызметкерлерін Семей медициналық университетінің «Үміт» кадрлық резервін қалыптастыруға қатысуға шақырамыз.

Ол үшін үміткерлерге біздің https://smu.edu.kz/o-nas/vakansii/ сайтына кіру ұсынылады. «Бос орындар» бөлімінде https://aisu.kz/nadezhda сілтеме бойынша өтіп, өтінімді рәсімдеу қажет.

Өтінімді (байланыс телефондарын, білімі туралы мәліметтерді, жұмыс тәжірибесін және т.б. көрсете отырып) 2020 жылдың 3 қараша айына дейін ұсыну қажет.

Кандидаттарды таңдау кезіндегі негізгі талаптар:

– «СМУ» КеАҚ мәлімделген лауазымдары бойынша біліктілік талаптарына сәйкестіктің жоғары деңгейі

– тиісті білімі

– жұмыс тәжірибесі

– тілдік сертификаттардың болуы

– кандидаттың әлеуеті

Өтінімдерді қарау рәсімінен өткен үміткерлер, өтінімінде көрсетілген байланыс деректері бойынша сұхбаттасуға шақырылады.

Сіздерді Семей медицина университетінің  стратегиялық міндеттерін тиімді шешуге қатысуға және үлес қосуға шақырамыз!

Жарияланды: