2020 жылдың 12 қазан күні «Жалпы медицина» мамандығының 1102 топ студенттері «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» атты онлайн режимде пікірталас өткізді.
Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық кең етек алды. Ол әлеуметтік-экономикалық даму үрдісін тежейді әрі ел болашағына елеулі қауіп төндіреді.
Осы орайда студенттер белсенді талқылап, сыбайлас жемқорлыққа қатысты ойларын ортаға салды. Оның қоғамға және оның дамуына тигізер теріс әсерін қарастырды. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларға байланысты өз ойларын білдірді.
Топ студенті А.Е. Абдығалық
Куратор Ж.Қ. Жайрбаева