Құрметті әріптестер!
2020 жылдың 6 қарашасында Семей медицина университеті сізді халықаралық қатысумен «Медициналық білім беруді жаңғырту: жетістіктер мен даму жолдары» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырады. Конференция коммуникативтік платформалар арқылы онлайн режимінде өтеді.
Онлайн-конференцияға қатысу үшін мына сілтеме бойынша онлайн тіркелу арқылы өтінім беру қажет: https://smu.edu.kz/nauka/registraciya-na-konferenciyu/
Конференцияның негізгі тақырыптары:
- Медицина білімі туралы заманауи тенденциялар
- E-learning және медициналық білім берудегі қашықтықтан оқыту технологиялары.
- Білім беру бағдарламаларын жетілдіру – тәртіптен бастап интеграцияланған тәсілге дейін.
Тезистер электронды түрде 2020 жылдың 29 қазанына дейін мына электрондық мекенжай бойынша қабылданады: theses@smu.edu.kz.