2020 жылдың 14 қазанында Студенттік өзін-өзі басқару басшылығымен жоғары оқу орнының барлық мамандықтары бойынша 1 курс білім алушыларымен нормативтік-құқықтық актілер бойынша дәстүрлі емтихан өткізілді.
Емтихан ZOOM платформасында студенттердің оқыту тіліне сәйкес үш тілде өткізілді. Емтихан алушы ретінде студенттік өзін-өзі басқару ұйымының 3-5 курс студенттері тартылды. Нормативтік-құқықтық актілер бойынша емтиханның негізгі мақсаты – университеттің ішкі тәртібі, тәртіп саясаты, студенттердің міндеттері мен құқықтары секілді, студенттердің сыртқы және ішкі НҚА білімдерін тексеру.
Емтихан билеттерінде университеттің миссиясы мен көзқарасына, пән саясатының құрылымына қатысты сұрақтар болды. Бағалау бес балдық шкала арқылы өтті. Студенттер жақсы нәтижелер көрсетті.