«FAMS» студенттік жастар клубы 2020 жылдың 12 қазанында бірінші курс студенттері арасында «Адам өміріндегі алғашқы көмектің маңыздылығы қандай?» атты шағын іс-шара өткізді. Бұл іс-шара 5 қазанда өткен дүниежүзілік дәрігерлер күніне арналды.
Аталған іс-шараның басты мақсаты – бірінші курс студенттері арасында медицинаға деген қызығушылықты арттыру.
Аталған іс-шара Instagram желісінде өтті. Жарысқа қатысқан 24 студент арасында: Руфат Бақдәулетов, Аида Жүрсінғалиева, Баян Бәкір өзінің жасампаздығының арқасында бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдарға ие болды. Байқауға қатысуға ниет білдірген әрбір қатысушы түрлі номинациялармен марапатталды, сондай-ақ алғыс хаттар берілді.
Конкурстың қорытындысы бір-бірінен тәуелсіз 5 әділ-қазылар алқасының көмегімен шығарылды, олар он балдық шкала және бірнеше критерий бойынша бағаланды.
Байқауға қатысып, пайдалы ақпаратты таратуға қатысқан студенттерге алғыс білдіреміз!