«Қызғылт қазан» – дүниежүзілік сүт безі қатерлі ісігіне қарсы ай. Бұл айды ДДҰ сүт безі қатерлі ісігі туралы хабардарлықты арттыру айы деп жариялады.
2020 жылдың 18 қазанында KazMSA SCOPE кәсіби алмасу бойынша белсенділері «Сүт безі қатерлі ісігі» тақырыбында іс-шара өткізді.
Бұл іс-шараның мақсаты халықты өз денсаулығын күтуге ынталандыру болды. Іс-шара ZOOM алаңында онлайн өтті.
Спикерлер диагностика, емдеу әдістері туралы ақпарат берді, сондай-ақ осы проблемаға тап болған танымал тұлғаларды атап өтті.
Баяндамадан кейін хирург, I санатты дәрігер-маммолог, Мадина Азиятовна Мусулмановамен сұхбат жүргізілді. Конференцияға қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды, оған сарапшыдан жауап алды.