2020 жылғы 1-12 қазан аралығында «Мейірбике ісі», «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Медико-профилактикалық іс» мамандықтарының бірінші курс магистранттары ЖББП кафедрасының оқытушысы Жунусова Жания Мырзахметовнаның бастауымен «Кәсіби бағытталған шет тілі» пәнін цикл бойынша оқыды. Кері байланыстарында 1 жыл магистранттары Жания Мырзахметовнаға үлкен алғыс білдірді. Әрбір өткен сабақ танымды, қызықты, мамандыққа қатысты тақырыптарды байланыстыра отырып, түсінікті деңгейде өткізілді. Магистранттар шет тілін меңгерудің барлық жаңа әдістерін үйренді. Оқытушының өзінің кәсіби біліктілігімен білім алушыларға үлгі болды!

